Ел чемпионаты. Атырау ойыншысы ең көп салым салды

3291

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған Көкпардан ересектер арасындағы ел чемпионатында Атырау облысының құрама командасы СҚО құрамасын айқын басымдықпен ұтты.

Кеше Жамбыл облысына қарсы бір ғана салым салған атыраулықтар бүгін СҚО құрамасына да 1 ғана салым салуға мүмкіндік берді. Есеп – 17:1.

Дегенмен, Нарынның нар ұлдары әзірге осы чемпионаттың ең көп салым салған командасы болып тұр.

Осы орайда салымгер жігіттерді тағы бір таныстырып қоюды жөн санадық.

Атырау облысының құрама командасы:

Ұлықпанов Абылай – команда капитаны

Алипбаев Ынтымақ

Әзімбай Бақытжан

Бураханов Заманбек

Жиенқұлов Эльдар

Каденов Қуаныш

Байтуреев Ұлан

Сүлейменов Қайыржан

Жүнісов Алмат

Мақсұт Айдар

Айтбай Жасұлан

Ерехан Нұржан

Команданың әрі жаттықтырушысы әрі жетекшісі – Жанбалаев Асланбек.

Сонымен, қос команданың нәтижесіне назар аударайық.

Осы ойында есеп ашқан атыраулық шабандоз – Әліпбаев Ынтымақ – 4 салым, Жүнісов Алмат – 5 салым, Әзімбаев Бақытжан мен Айтбай Жасұлан екі-екі салым салса, Жиенқұлов Елдар, Қаденов Қуаныш, Байтөреев Ұлан, Сүлейменов Қайыржандар бір-бір салымнан салды. Осы орайда Атырау облысы құрамасының көкпаршысы Жүнісов Алмат әзірге чемпионаттағы ең көп салым иесі болып тұр.

Ал СҚО құрамасын 0-ден құтқарған шабандоз Әбесов Нұрсұлтан. Ол ойынның 33-минутында бір салым салды.

BAQ.KZ

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.