Белгілі жылқы зерттеуші ғалым өмірден өтті

2303

Тарих ғылымдарының докторы Виктор Федорович Зайберт Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында дүниеге келген.

Ол Петропавл педогокикалық институтын бітірген. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылыми академиясының корресподенттік мүшесі.

1969–1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысы аймақтық мұражайда археология бөлімінің ғылыми қызметкері, меңгерушісі;

1976–1977 жылы Петропавл педогокикалық институтында оқытушы;

1977–1979 жылы КСРО ғылым академиясының археология институтында (Мәскеу) аспирант;

1980 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, ғылыми жұмыстар және шет елдермен байланыс жөнінде проректоры қызметтерін атқарды.

Зайберттің 90-ға жуық ғылыми мақаласы, 4 монографиясы жарық көрген.

Президент Виктор Зайберттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Виктор Федорович бүкіл саналы ғұмырын археологиялық және қазба жұмыстарына, дала өркениетін зерттеуге арнады. Атбасар және Ботай мәдениеттерінің бай мұрасы туралы бірегей жаңалықтардың мәні мен маңызы, қазіргі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету және өсіру жөніндегі құнды деректер археолог ғалымның атымен тікелей байланысты. В.Зайберт артына құнды ғылыми мұраларын қалдырды. Ол әріптестерінің арасында зор беделге ие болды. Сондай-ақ жас ғалымдарға үлгі-өнеге көрсетті, – делінген жеделхатта.

Виктор Зайберт адамзат тұңғыш рет жылқыны Қазақ даласында қолға үйреткенін дәлелдеген ғалымдардың бірі. Өткен жылы ғана оның «Ботай» атты еңбегі жарыққа шыққан болатын.

Argymaq.kz порталы атынан Виктор Федоровичтің отбасына, жақындарына көңіл айтамыз!

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.