«Хабар» арнасында жаңа жоба. Дүлдүлдер дүбірі

2313

«Хабар» арнасы жаңа теле-маусымға орай жаңа теле-жобаны қолға алды. Бұл туралы «Хабар агенттігі» АҚ басқарма басшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«…Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан
Атты артық көрген елміз мінген тақтан,
Қызық-ай біздің бәйге қырда шапқан,
Шыдар ма қазақ жаны ұшып кетпей,
Аттарға шаң шығарып келе жатқан…», — деп ақын Ілияс Жансүгіров жырлағандай, халқымыздың жанына жаққан жылқының дүбіріне құлақ түріп, елең етпейтін қазақ баласы жоқ шығар.

Арғымақ ат ежелден-ақ ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт пен мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналып кеткен. Осы құндылығымызды ұрпақ санасында дәріптеу мақсатында «Хабар» телеарнасының жаңа маусымында «Дүлдүлдер дүбірі» жобасы жарық көреді — деді Берік Уәли өз парақшасында.

Жоба барысында көрермен қауым ең таңдаулы тұлпарлардың тұрысын, жүрiсiн, шабысын тамашалап, бәйгенiң алдынан көрiнiп жүрген жылқылардың бабын бағамдап, бәйге мен көкпар алаңдарындағы тартысты ойындарға куә болады.

Жылқы сыны дегенде данышпан Абайдан асырып не айтармыз:
«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ…»
Апта сайын «Хабар» арнасынан «Дүлдүлдер дүбірін» естисіздер әрі көресіздер — деді ол.

Argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.