Астана кубогы. 16 шақырымды “Мұрагер” мүдірмей өтті (ФОТО)

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай «Астана кубогы» үшін өтетін бәйге екі түрлі қашықтықта болды. Аламан бәйге – 25 шақырым. Екінші бәйге – 16 шақырым. Қос бәйгенің де жүлделері қомақты. «Астана кубогының» жүлде қоры – 20 миллион теңге. Еліміздің барлық өңірінен келген кіл жүйрік тіркеуден өтіп, өз бақтарын сынап көрді. Аламан бәйгеге алғаш тігілген «Астана кубогы» қай өңірдің тұлпарына бұйырды? Бас бәйге – 20 мың доллар кімнің қанжығасына байланды? 16 шақырымдық бәйгенің бас жүлдесі – 10 мың доллар. Бұл жүлдені кім олжаланды?

Төменде осы сауалдардың жауабы анықталды.

Сонымен, жарыс жолына шыққан 24 сәйгүліктің 8-і мәре сызығын кесіп өтті. Алғашқы бес жүйрікке жүлде беріліп, 16 шақырымға созылған кіші бәйгенің қорытындысы шығарылды.

5-орын: Үшінші номерлі Бекзат Сәдуақастың тақымында тулаған БҚО Жаңақала ауданынан келген Серік Бекқайыровтың «Роза» есімді үш жасар торы байталы. Атты жаратқан бапкер – Мақсат Бекқайыров. (400 000 теңге)

4-орын: 23-номерлі Дамир Сүлейменов мінген ШҚО Таскескен ауылынан келген «Созидан» есімді жирен қасқа айғыр. Ат иесі – Ерасыл Сүлейменов болса, бапкері Бекен Абақанов. (550 000 теңге)

3-орын: 22-номерлі Курванжан Арнур тізгіндеген Астана қаласының «Алматы» есімді үш жасар ағылшын тұқымды жирен байталы. Бәйгеге жаратқан бапкері Мақсат Төкенов болса, иесі Қуаныш Әкімжанов. (1 200 000 теңге)

2-орын: 13-номерлі Рахмен Әлішер мінген «Лайт Энджл» атты Қарағанды облысының ағылшын тұқымды күрең дөнені. Ат иесі Дулат Баешов, ал бәйгеге жаратқан бапкері Шаризат Қазтаев. (1 850 000 теңге)

1-орын: 27-номерлі Жұматай Ақжолдың тақымында ойнаған «Мұрагер» есімді сәйгүлік. Алматы облысы, Талғар қаласынан келген үш жасар көк құнан 16 шақырымдық топ бәйгеде алдына қара салмады. Жүйріктің иесі Мерхат Бұлғынов, ал бапкері – Айдын Үтбаев. (3 300 000 теңге)

Естеріңізге сала кетейік, аламанның алдында “Қазанат” атшабарын дүбірге толтырып, көкпардан ел чемпионатының финалдық бәсекесі өтті. Соңғы төртке қалған “Адай ата”, “Әулие ата”, “Құлагер” және Қызылорда құрамасынан кім мықты болғанын мына жерден тамашалаңыз.

Сонымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  бекіткен «2018 жылға арналған Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне» сәйкес ҚР Ұлттық  спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген ұлттық спорттан Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы чемпионаты аяқталды.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>