Алматы облысында «JETISÝ ARBA BÁIGESI» өтіп жатыр

arba

JETISÝ ARBA BÁIGESI Ұлы Жібек Жолы елдері –Үндістан, Қытай, Қазақстан және Өзбекстаннан келген студент командалары арасында өтеді. Алматы облысының табиғи ландшафтымен саяхат түрінде өтетін бәсеке ортағасырлық керуендердің басты көлігі – екі доңғалақты атарбалардың қатысуымен жүріледі.

Командалар 2 нұсқа бойынша – берілген маршруттың жылдамдығы мен дәлдігі және командалық рух кубогы – этнографиялық спорттық шығармашылық бойынша сынға түсетін болады.

«Жарыс барысында командалар әр кезеңнің соңғы нүктесінде лагерлерді өз бетінше орнатады, онда нағыз көшпенділердің тұрмысын ұйымдастырады. Олар өздерімен бірге алып жүрген шатырларда түнеп, көшпелі гастрономия тағамдарын дайындайды. Өз елдерінің дәстүрлі костюмдерінде спорттық жарыстар мен фольклорлық конкурстарға қатысады» – дейді ұйымдастырушылар.

JETISÝ ARBA BÁIGESI-2019 жарысының жеңімпазы Керуен жарысы мен командалық рух кубогының қорытындысы бойынша алынған орындар, бонустар мен айыппұлдар сомасы бойынша анықталады.

«Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда жастарға арналған жаңа ұлттық спорттық, туристік және мәдени хобби құру – Ұлы Жібек жолының керуен стиліндегі қазақтардың ежелгі көшпелі технологияларын пайдалана отырып, Алматы облысының жабайы табиғатына саяхат жасау. Сонымен қатар, студент жастарды көшпенді өркениеттің зияткерлік және рухани мұрасын зерттеу және сақтау процесіне тарту, қазіргі жастардың интеллектуалды, моральдық-ерік, көшбасшылық және командалық қасиеттерін көрсету мен Жібек жолы елдерінің студенттері арасындағы мәдени алмасу. Бұдан бөлек, экологиялық және этнографиялық туризм үшін Алматы облысының Табиғи және мәдени ресурстарының байлығын насихаттау, шалғайдағы ауылдық аумақтардың жастары үшін туризмде жұмыс орындарын құру» – дейді ұйымдастырушылар.

Жарысқа Үндістан, Қазақстан, Қытай және Өзбекстан елдерінің студенттері қатысып жатыр. Қатысушының жасы 18 жастан асқан. Команда 9 адамнан (3 қыз және 6 жігіт) тұрады.

Жеңімпаз алтын КЕРУЕН ауыспалы кубокпен марапатталады (алтын керуен)

Жеңімпаз ЖЕТІГЕН-ШОҚЖҰЛДЫЗ (жеті жұлдыз шоқжұлдыз)

JETISÝ ARBA BÁIGESI бас Кубогының иегері екі пән бойынша жарыстарда ең жақсы орын алған команда болады және JETISÝ ARBA BÁIGESI 2019 ауыспалы кубокпен марапатталады.

Жарыс төрт кезеңнен тұрады:

- Шөлді маршрут

- Жазық маршрут

- Тау бағыты

- Жабық трассада арба жарысы-биатлон

Жарыс 2019 жылы 11-25 қыркүйек арасында өтеді.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>