Сисем ата асы. «Қоянқасқа» екі бөлмелі пәтер ұтты

5326

Сар даланы дүбірге бөлеген Сисем Ата асының даңқын асырған ұлттық спорт бағытындағы іс-шараларының бірі — бәйге! Ошақ бәйге мен аламан қатар шапқан айтулы аста аламанның бас бәйгесіне пәтер кілті табысталды.

13 қыркүйек күнгі ошақ бәйге 21 шақырымға созылды.

Бұл бәйгеде ақтаулық Алмас Абдуллаевтың «Ханшайым» атты сәйгүлігі 1-орын алып (шабандозы — Мұзтемір), иесіне 1 000 000 (1 млн) теңге сыйақы табысталды.
2-орын алған Шебір ауылының тұрғыны Айтумыс Ержігітовтің «Айжирен» аты (шабандозы — Мұқасан) 7 00 000 (жеті жүз мың) теңге жүлдеге ие болды.
3-орын иегері Таушық тұрғыны Хамза Бимырзаев «Көкбастау» атымен (шабандозы — Нұркелді) 500 000 (бес жүз мың) теңгені қанжығасына байланды.
4-орын Қияқтыдан келіп қосылған Құлназар Алиевтің аты «Пегасқа» бұйырды. (шабандозы — Костик). Жүлдесі — 300 000 (үш жүз мың) теңге.
5-орын алған аттың есімі де «Ханшайым» екен. Иесі — Рахим Махамбетов пен шабандозы Дәуренге 100 000 (жүз мың) теңге берілді.

Аса тартысты өтіп, көптің делебесін қоздырған екінші күнгі аламанда бірінен-бірі өткен жүйріктерге жанкүйер боп, тақым қысумен отырдық, қиқулаумен болдық. Өйтпегенде ше, бұрын-соңды бас бәйгіге Ақтаудан екі бөлмелі су жаңа тұрғын үй тігіліп көріп пе еді?! Екі бөлмелі пәтер үшін тұяқ қыздырып, топ жарар жүйрікті жиналған қауым асыға күтті.

Сонымен 36 шақырымдық аламанда:

Алматыдан келген Қайрат Махановтың «Қоянқасқа» есімді жүйрігі Ақтау қаласынан екі бөлмемі пәтердің кілтіне ие болды. Шабандозы — Ғалымнұр. Жүлде Жетісудың жігітіне табысталды.
2-орынды елордалық Нұрислам Базарбай еншіледі. Шабандозының аты — Бақбер. Жүлдесі — 2 000 000 (екі млн) теңге.
3-орынға «Жетіқазынасымен» құлсарылық Бахай Корпорациясы ие болды (шабандозы — Жандәулет). Бәйгісі — 1 000 000 (бір млн) теңге.
4-орын иегері — бейнеулік Үсен Айтбаев. «Сұңқар» атты сәйгүліктің шабандозы Жолды. Сыйлығы — 5 00 000 (бес жүз мың) теңге.
5-орын алған Мұхтар Ақжігітов «Ақсұңқар» атымен (шабандозы — Қожахмет) 300 000 (үш жүз мың) теңге алып қайтты.

Бәйге барысында аттар да, шабандоздар да жарақат алған жоқ. Бұра тарту болмады. Қатысушылар да, көрермендер де разы боп тарасты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жаңаарқада өткен аламанда «Ақмоншақтың» астанадан пәтер ұтқанын жазған болатынбыз.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.