«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің тарихы

7324

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бұған дейін төрт рет өткен «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің тарихын жариялады.

Бұл бәйгеде – 2014 жылы 75 жүйрік, 2015 жылы 96 жүйрік, 2016 жылы 78 жүйрік, 2017 жылы 37 жүйрік бақ сынады.

Ең алғаш — 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналып өтті. Екінші рет — 2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай дүркіреді. Үшінші жолы — 2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құрметіне тер төккен болатын. Төртінші рет — 2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында көсілген еді.

Baqtory

2014 жыл. 43 шақырым.
Бас бәйге – «Бақторы», Қарағанды өңірінің жүйрігі
2 орын – «Рабат», Түркістан өңірінің жүйрігі
3 орын – «Бекторы», Қарағанды өңірінің жүйрігі

Samal

2015 жыл. 51 шақырым.
Бас бәйге – «Самал», Жамбыл өңірінің жүйрігі
2 орын – «Бейбарыс», Кереку өңірінің жүйрігі
3 орын – «Жаннұр» Алматы өңірінің жүйрігі
4 орын «Бақторы», Қарағанды өңірінің жүйрігі

altyn-tulpar25

2016 жыл. 51 шақырым.
Бас бәйге – «Жаннұр», Алматы өңірінің жүйрігі
2 орын – «Көкбастау», Қарағанды өңірінің жүйрігі
3 орын – «Көгершін», Жамбыл өңірінің жүйрігі

Samal 2017

2017 жыл. 51 шақырым.
Бас бәйге «Самал», Жамбыл өңірінің жүйрігі
2 орын – «Қоянқасқа», Алматы өңірінің жүйрігі
3 орын – «Қара айғыр», Алматы өңірінің жүйрігі

Естеріңізге сала кетейік, биылғы аламан бәйгенің ресми атауы – «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» V республикалық турнирі. Қашықтығы – 51 шақырым. Бас жүлде – 10 миллион теңге. Жалпы жүлде қоры – 22 миллион теңге. Алдыңғы келген тоғыз жүйрікке бәйге беріледі. Аламан жарысқа жүйрік жылқы тұқымдарының барлығы жіберіліп, еліміздің 14 облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әрқайсысынан 5 сәйгүліктен қатысады. Өтінімдер 11-қазанға дейін қабылданады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!