Қазақстанға Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) Президенті келді

FEI

Ингмар Де Вос өңірде ат спортын дамыту мәселелерін талқылау мақсатында алғаш рет Орталық Азия елдеріне келді.

Сапар барысында Де Вос Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясының президенті Берік Имашевпен, Республиканың Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығымен, Ұлттық паралимпиадалық комитеттің басшылығымен кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, Де Вос еліміздің ат спорты инфрақұрылымымен танысып, Алматы мен Алматы облысының бірқатар Ат-спорты клубтарын аралады.

Сонымен қатар, Халықаралық ат спорты федерациясының президенті жас жылқылар арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

Ингмар Де Вос сапарының бағдарламасы бес жарым мың жыл бұрын алғаш рет жылқыны қолға үйреткен Қазақстанның мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Ол 2014 жылы FEI Президенті болып сайланды, 2018 жылы қайта сайланды. Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі, 2018 жылы Халықаралық спорт федерациялары Бүкіләлемдік қауымдастығының кеңесіне тағайындалды, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Атқарушы комитетінің құрамына кірді.

Қазақстанның ат спортының бай тарихы бар. 1960 жылы спортшы Сергей Филатов ат спорты бойынша бірінші кеңестік Олимпиада чемпионы атанды. Қазақстанда тұңғыш ат спорты мектебі 1956 жылы ашылды. Қазақстандық шабандоздар бірнеше рет Азия чемпионаттарының, әлем кубогы кезеңдерінің және Ат спорты бойынша ҚР аумағында және одан тыс жерлерде халықаралық турнирлердің жүлдегерлері болды.

Сондай-ақ, FEI делегациясының құрамында федерацияның президенті Марина Сечина бастаған Ресей ат спорты Федерациясының делегациясы болды. Қазақстан мен Ресей ат спорты федерациялары арасында өңірде ат спортын дамыту және қолдау мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>