Аударыспақ алыптары “100 жаңа есімге” үміткер

IMG_7870

Өскемен қаласындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-ұстаз, аударыспақ спортынан Қазақстанның 10 дүркін чемпионы, Азияның 2 дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермек Жәпішев пен Түркістан облысының тумасы, аударыспақтан ҚР 9 дүркін жеңімпазы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сырым Ізбасаров, аударыспақтан әлем чемпионы Біржан Қосалиев 2019 жылғы “100 жаңа есім” жобасына қатысып жатыр.

audaryspak-780x400

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады). Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ермек Жұмабекұлы бала кезінен атқа мінуді, атпен шабуды үйреніп, ат құлағында ойнайтын спортшылардың бірі болып өсті.

Ермек Қазақстан Республикасының 10 дүркін чемпионы, Азияның 2 дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2013 жылы қазан айында Шымкент қаласында V Республикалық «Ақ бидай» атты спорттық ойындар өткізілді. Ойын бағдарламасында волейбол, шағын-футбол, гір көтеру, армрестлинг, тоғызқұмалақ, қазақшы күрес және ұлттық ойындардан жарыс болды. Осы ойында бірінші күні-ақ аударыспақтан Ермек Жапишев алтын медаль алды.

2014 жылы Астана қаласында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты өтті. Бұл байрақты бәсекеге Қазақстан, Қытай, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия қатарлы 10 мемлекеттен спортшылар қатысып, өзара алтын белбеуге бақ сынасты. Бұл чемпионатта да 70 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынды Ермек Жапишев жеңіп алды.

2017 жылы Астана қаласында Шығыс Қазақстан күндері аясында өткізілген жарыста аударыспақтан Ермек жеңімпаз атанып қайтты.

Қазіргі уақытта Ермек Жұмабекұлы Өскемен қаласындағы кешенді балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы – ұстаз болып қызмет жасайды. Бүгінгі күні мектепте 190 бала ұлттық спорттық ойындар секцияларына қатысуда. Бұл мектепте бірінші кезекте балаларды атқа дұрыс, нық отыруды, атпен шабуды үйретеді. Аударыспақ ойыны ептілікті, төзімділікті және күшті талап етеді. Ұлттық ойын аударыспаққа жылдан-жылға қызығушылық жастар арасында артуда. Ермек Жапишев ұлттық ойындарға қызығушылық танытқан жасөспірімдіерді ат спортының қыр-сырымен таныстырып, жастарды ұлттық ойындарға баулуда аянбай еңбек етуде.

Ермекке дауыс бергіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.

IMG_7871

Сырым Ізбасаров та “100 жаңа есім” жобасына үміткер.

Сырым аударыспақтан ҚР 9 дүркін жеңімпазы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол 1989 жылы Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Кішкентай кезінен атқа құмар болып өсті. Әкесі көкпаршы болған.

“Алғашында әкеме еліктеп, көкпаршы болдым. Мектеп бітірген соң, ағам Қайнар Ілиясов жергілікті «Құлагер» көкпар командасына ертіп апарып, жастар арасында өтетін жарысқа бірден шығарды. Ол кезде біздің көкпар құрама командасын Ақылбек Манкеев деген ағамыз жаттықтырды. 2008  жылы «Құлагер» командасы Көкшетау қаласында өткен жастар арасындағы ел біріншіліне қатысып, екінші орын алды. Сол уақытта көкпар мен бірге аударыспаққа да шығып жүрдім. Бір жылдан кейін аударыспаққа толықтай өтіп, осы спорттың түрі бойынша ұлттық құрама мүшелігіне өттім” – дейді ол.

2010 жылы Қызылжар қаласында өткен «Ақбидай» ойындарында ауыр салмақта чемпионы.

2014 жылы Астана қаласында өткен Азия біріншілігінде жеңімпаз атанды. 

2016 жылы Қытай Халық республикасында өткен Азия чемпионында топ жарып, абсолют салмақта да чемпион атанды.

2016 жылы ІІ көшпенділер ойындарында 90 кг салмақ дәрежесінде чемпион.

2017  жылы Астана қаласындағы «EXPO-2017» ашық біріншілігінде де бірінші орын.

2019 жылы V- ші Ақбидай фестивальінде аударыспақтан 90 кг арасында жеңімпаз.

Сырым Ізбасаровқа дауыс бергіңіз келсе, мына сілтемені басыңыз.

IMG_8011

Біржан Қосалиев “100 жаңа есім жобасына үміткер.

ҚР ХVII чемпионатында Ұлттық спорт түрлерінен ересектер арасында аударыспақтан І орын алғаны үшін марапатталған.

2009 жылы Сарыағаш ауданында өткізілген «Білек күшін сынау» бойынша жастар арасында І орын алғаны үшін марапатталған.

2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Асанбай Асқаров атындағы көкпардан Х, аударыспақтан ІІ халықаралық турнирде І орын алғаны үшін марапатталған.

2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай және қала күніне арналған ұлттық спорт ойындарында І орын алғаны үшін марапатталған.

2011 жылы Ұлттық ат спорты аударыспақтан өткен ҚР ХІ чемпионатында І орын алғаны үшін марапатталған.

2011 «Құлагер» сәйгүлік фестивалінде халқымыздың салт-дәстүрінің мәдениеті мен өнерін жоғары деңгейде көрсеткені үшін І орын алғаны үшін марапатталған.

2011 жылы ОҚО ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің Алғыс хатымен марапатталған.

2013 жылы Шымкент қаласының қала күніне орай өткізілген ұлттық спорт ойындарының аясында аударыспақтан І орын алғаны үшін марапатталған.

2014 жылы Аударыспақтан І Ашық Азия чемпионатында Абсолюттік дәрежесінде І орынды жеңіп алғаны үшін марапатталған.

2014 жылы Көкпар мен аударыспақтан ҚР бірнеше дүркін чемпионы Ж.Әбдікәрімовты еске алуға арналған облыстық турнирде І орын алғаны үшін марапатталған.

2014 жылы ҚР Ұлттық спорт түрлерінің қауымдастығы ,и2014ижылғы Аударыспақ спорты бойынша «ауыр салмақтағы жыл палуаны» номинациясымен марапатталған.

2014 жылы Төлеби ауданының әкімінің алғыс хатымен марапатталған. 2014 жылы Аударыспақтан І Ашық Азия чемпионатында жоғары салмақ дәрежесіндегі І орынды жеңіп алғаны үшін марапатталған.

2015 жылы І Республикалық турнирде 100 келі салмақ дәрежесінде І орынды жеңіп алғаны үшін марапатталған.

2015 жылы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аударыспақтан І орын алғаны ұшін марапатталған.

2015 жылы Қызылорда облысында өткізілген ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының дипломымен ересектер арасындағы аударыспақтан ХV ҚР чемпионатында І орын алғаны үшін марапатталған.

2016 жылы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Астана жұлдызы» республикалық турнирінде Аударыспақтан І орын иеленгені үшін марапатталған.

2016 жылы Аударыспақтан ІІ Ашық Азия чемпионатында І орын алғаны үшін марапатталған.

2016 жылы Қырғыстан Республикасында өткізілген аударыспақтан жарысында І орын алғаны үшін марапатталған.

2016 жылы ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алғыс хатымен марапатталған.

2017 жылы «EXPO» халықаралық көрмесі аясында өткізілген Халықаралық турнирде жүлделі І орын алғаны үшін марапатталған.

Біржан Қосалиевке дауыс бергіңіз келсе, мына сілтемені басыңыз.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>