Аударыспақтан Түркістан облысы әкімінің кубогі өтті

WhatsApp Image 2020-02-03 at 18.56.39

Түркістан қаласында Аударыспақтан Түркістан облысы әкімінің кубогі өтті. Осымен екінші рет өтіп отырған сайыс Жеңістің 75 жылдығына арналды.

Додаға республиканың түкпір-түкпірінен келген апайтөс палуандар бақ сынады. Тіпті бір жылдан бері аударыспақтан қол үзген Түркістанның тастақымы Сырым Ізбасаров та осы тартыста аса ауыр салмақта сынға түсті.

Аударыспақтан қол үзіп қалса да, әлі де бабында екенін танытқан Сырым палуан әкім кубогінің Түйе палуаны атанды. Сырыммен бірге түйе палуан атану үшін сайысқа түскен шымкенттік Ербұлан Бекбосынов, павлодарлық үш арыс Бауыржан Ахметов, Мұрат Ақжан, Бауыржан Әбілешов және елордалық Жасұлан Айтбайлар да осал ойыншы еместігін көрсетті.

Ал 90 келі салмақтан жоғары додаға түскен төрт палуаннан үздік шыққан тағы да сол Түркістан облысының палуаны Сырым Ізбасаров болды. Екінші орын шымкенттік Ербұлан Бекбосыновқа бұйырса, үшінші орынды Нұрдәулет Алтеев қанжығасына байланды.

audaryspah

90 келі салмақта:

І орын – Түймебек Жұмалиев (Түркістан облысы)

ІІ орын – Ердос Серік (Ордабасы ауданы)

ІІІ орын – Мұратәлі Тазабеков (Қапшағай)

 80 келі салмақта:

І орын – Есімхан Рахметіллә (Түркістан облысы)

ІІ орын – Жасұлан Айтбай (Нұр-Сұлтан қаласы)

ІІІ орын – Тұрар Мұратұлы (Қапшағай)

audaryspak

 70 келі салмақта:

І орын – Дарын Өткелбай (Түркістан облысы)

ІІ орын – Құрайыш Расул (Келес ауданы)

ІІІ орын – Алмат Ләтіпбек (Нұр-Сұлтан қаласы)

audaryspaq60 келі салмақта:

І орын – Данияр Темірбек (Ордабасы ауданы)

ІІ орын – Ермек Құралбай (Түркістан облысы)

ІІІ орын – Бекзат Данай (Төле би ауданы)

Жеңімпаз палуандарға ақшалай сыйлық пен түйе палуанға облыс әкімінің арнайы кубогі тапсырылды.

ФОТО: Жанбатыр Бекмұсаев

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>