2019 жылғы Қазақстандағы жылқы саны және жылқы етінің эспорт-импорты

1131

Жылдағы дәстүрмен Argymaq.kz сайты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы хат жолдап, 2019 жылғы жылқы саны қанша екенін сұраған болатын.

Естеріңізде болса, бұған дейін 2017 және 2018 жылғы жылқы санын да жариялаған болатынбыз.

Сонымен министрлік мәліметіне сәйкес 2019 жылы жылқы саны 2,8 млн басқа жеткен. Нақтырақ айтар болсақ – 2 825 851 бас. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 300 мың басқа артық.

Жылқы саны бойынша еліміз бойынша биыл да Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Бүгінгі таңда Шығыста – 394518 бас жылқы бар. (2018 жылы – 318,4 мың)

Екінші орынды 346431 бас жылқымен Түркістан облысы иеленді. Өткен жылы бұл өңір үздік үштікті түйіндеген болатын. (2018 жылы – 292,6 мың)

Ал биылғы жылы алғашқы үштікті 337202 бас жылқымен Қарағанды облысы қорытындылап тұр. (2018 жылы – 271,7 мың)

Бұған дейін екі жыл бойы екінші орыннан түспеген Алматы облысы биыл алғашқы бестіктен көрінді. Жылқы саны – 326382. (2018 жылы – 293,6 мың)

Бесінші орында – Батыс Қазақстан облысы. Жылқы сан – 192892. (2018 жылы – 165,4 мың).

Өткен жылы үздік бестіктен көрінген Ақмола облысы 2019 жылға қарағанда 21 мың жылқыға өскеніне қарамастан биыл бір саты төмендеді. Биыл 187319 бас жылқы санатқан облыста өткен жылы 166,0 мың жылқы болған екен.

zhylqy sany

Еліміз бойынша 2019 жылы 6,36 тонна жылқы еті экспортталған. Айта кетерлігі елімізден жылқы етін көбірек сатып алған Ресей Федерациясы. Сонымен қатар өткен жылы жылқыны тірідей экспорттау да қолға алынған. Соның нәтижесінде 1020-ға жуық жылқы тірідей шекара асқан. Бұл салада Өзбекстан көш бастап тұр.

 Жылқы етін экспорттаған елдер: (6,36 тонна)

Австрия – 0,03 тн
Әзербайжан – 0,005 тн
Беларусь – 0,034 тн
Болгария – 0,037 тн
Ұлыбритания – 0,047 тн
Венгрия – 0,02 тн
Германия – 0,069 тн
Иран – 0,017 тн
Италия – 0,009 тн
Қырғызстан – 0,005 тн
Литва – 0,034 тн
Малайзия – 0,025 тн
Норвегия – 0,01 тн
БАӘ – 0,055 тн
Польша – 0,017 тн
Ресей – 5,5 тн
Сауд Аравия – 0,004 тн
Словакия – 0,02 тн
Түркия – 0,14 тн
Франция – 0,009 тн
Чехия – 0,053 тн
Швейцария – 0,044 тн
Оңтүстік Корея – 0,17 тн

Тірідей сатылған жылқы: (1016 бас)

Ауғанстан – 20 г
Грузия – 16 г.
Қытай – 99 г.
Қырғызстан – 58 г
Ресей – 268 г
Өзбекстан – 555 г.

Елімізге шет елден әкелінген жылқы еті: (2275,1 тн)

Аргентина – 964,1
Болгария – 185
Исландия – 58,5
Мексика – 93
Моңғолия – 183,5
Ресей – 68,7
АҚШ-52
Уругвай –670,2

argymaq.kz

5 comments

  1. Тірек 6 февраля, 2020 at 21:04 Ответить

    Өзіміз елге 6,36тн жылқы етін сатып ал елден 2275,1тн сатып алып өтырмызба сонау Аргентинадан акеліп отырған не сұмды.

  2. Жылқы шаруашылығы экспортқа бейімделе ала ма? – Арғымақ Ұлттық танымдық порталы 18 мая, 2020 at 00:22 Ответить

    […] Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2017 жылғы дерек бойынша, жылқы басы 2 113,1 млн-ға жеткен. Бұл – 2016 жылдың көрсеткішіне (2070,2 млн) қарағанда көп. Республика бойынша жылқы саны жағынан Шығыс Қазақстан облысы алда келеді, мұндағы мал басы – 324,2 мыңды құрайды, екінші орында Алматы облысы – 309,2 мың бас, үштікте Қарағанды облысы – 268,1 мың бас. (2019 жылдың есебі мына жерде) […]

  3. Жабы тұқымының тарихы – Арғымақ Ұлттық танымдық порталы 24 мая, 2020 at 00:21 Ответить

    […] Қазіргі кезде әлемде ет және ет өнімдері өндірісін арттыру, оның ішінде жылқы етін өндіру – басты бағыттардың бірі болып отыр. Еліміз бойынша 2019 жылы 6,36 тонна жылқы еті экспортталған. Айта кетерлігі елімізден жылқы етін көбірек сатып алған Ресей Федерациясы. Сонымен қатар өткен жылы жылқыны тірідей экспорттау да қолға алынған. Соның нәтижесінде 1020-ға жуық жылқы тірідей шекара асқан. Бұл ақпарат Арғымак.кз порталынан алынды. […]

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!