Елордада салынатын жабық атшабардың жобасы таныстырылды (ФОТО)

7836

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев өзінің инстаграмдағы парақшасында бірнеше суретті бөлісіп, Елордада жаңадан салынатын иппотерапия және бейімделген ат спортымен айналысу үшін жабық және ашық манеж салу мәселесі талқыланғанын жазды.

hippodrom4

Оның айтуына қарағанда атшабар құрылысы биылғы жылы басталады.

hippodrom8

“Әріптестермен бірге ипподром базасында ерекше қажетіліктері бар балаларға арналған иппотерапия және бейімделген ат спортымен айналысу үшін жабық және ашық манеж салу мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткіздік. Сонымен қатар, сол аймақта туризм мен ұлттық спорт түрлерін дамытатын боламыз. Құрылысы биыл басталып, жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар. Бұл жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде іске асырылатын болады” – деп жазды әкімнің орынбасары.

hippodrom7

Сонымен қатар, оқырмандар сауалына жауап берген Алтынбек Қайсағалиев бұл ғимараттың құрылысын NAK (Нұр Астана Құрылыс) құрылыс компаниясы салатынын айтты.

hippodrom1

Ипподром манежі қазіргі “Қазанат” атшабары маңында орналасады.

hippodrom2

Жаңа алаңда ат қора, көрермен залы, аттарға арналған жеке алаңқайлар болады.

hippodrom

argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.