Алматы ипподромына 90 жыл!

4268

Республикалық Алматы ипподромы еліміздің ат сынайтын, нәтижелерін аңықтайтын, негізгі халықаралық жарыстар өтетін бірден-бір орын. Ол 1930 жылы наурыз айында ашылған.

90-жылдық тарихы бар және Қазақ халқынының маңдайына біткен тарихи құндылығы жоғары Республикалық Алматылық Ипподромында 1965 жылы 46 кеңестік рекорд белгілесе, 1970, 1974, 1980 және 1982 жылдары Республикалық ипподромда 100-ге жуық рекорд жаңартылған.

Кеңес үкіметі кезінде Республикалық Алматы Ипподромында жылына 600-дей ат сыналған. Рейтинг бойынша одақ көлеміндегі алғашқы бестіктен көрінген.

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғаннан кейін 2000 жылдары жекеменшік тазақанды жылқы тұқымын өсіретін ірі-ірі жылқы зауыттары ашылды. Ипподромда тазақанды (ағылшын), ахалтеке, араб жылқы тұқымдарынның ұшқырлық сапасына сынақтар жүргізіле бастады!

Әр жылы ипподромда әртүлі жылқы тұқымдары мен әр түрлі жастағы жүйріктер арасында жарыстар өтіп келеді.

2002 жылы 5 ат жарысы өткізіліп, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен келген 100-ге тарта аттар сыналды.

Ат жарыстары ішінде ең құнды жүлделер үлкен Алматы дербиі, Окстың үлкен сыйақысы, ҚР Перзидентінің сыйақысы, тағы да басқа жарыстар бар.

Қысқа уақыт ішінде 1980 жылдардағы орнатылған рекордтар қайта жаңартыла бастады. 2007 жылы сыйақы фонды 600 мың долларға жеткен!

Ипподромда болатын көп жарыстың арқасында, шабандоздардың (жокейлердің) ат қараушылардың, бапкер-жаттықтырушылардың квалификациясы өсіп, мықты маман болып қалыптасты.

Ат спортын және жылқыларды баптап-жарату – ойыншық емес, ол еріккеннің ермегі емес, бұл ауыл шаруашылығының бағыты, жаңа жұмыс көзі, жастарды көшеден қайтаратын қару, бюджетті салықтарымен толтыратын үлкен мекеме және халықты рухани тәрбиелейтін мәдени орын!

Алматы облысы территориясынан кішкентай Чехияның өзінде 12 ипподром бар, Францияда 250, Японияда 28, Ал 6 миллион адамы бар Финляндияда 43 ипподром бар екен!

Алматы қаласы тарихымыздың ұйытқысы! Қазақстанның жылқы шаруашылығын дамытатын және алға жетелейтін – Республикалық Алматы Ипподромы!

Республикалық Алматы Ипподромы Алматы қаласының тарихи-мәдени мұралар нысанына кіргені өте абзал!

Олай болса, Республикалық Алматы Ипподромының дамуы – қазақ атбегілік өнерінің, қазақтың асыл тұқымды сәйгүліктерінің дамуы деп білемін.

Алматы ипподромының рекордтары.

Алматы ипподромы тарихи-мәдени мұралар тізіміне енді.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,
доцент Қайрат Исхан

2 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.