Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ. Атқа деген махаббатым адал

6156

Жаяу жүресің бе,
Ойнап күлесің бе?
Аяғың сүрінбесін,
Ашық жолыңда.
Сабылып нетесің,
Жаяу-ақ жетесің,
Жүздерің күлімдесін, бәрі қолыңда, — деуші меді ана бір әнші)

Сол айтқандай мен келемін жаяу Екібастұзда. Ойда не жазсам екен, не тапсам екен деген бір ғана сұрақ. Есіме бұрррыыыын бірге жұмыс істеген Павлодарлық бала түсті. Негізі оған дейін де талай адамға қоңырау шалып, әр нені бір сұрағам. Ал ана экс-әріптесіме «қайттсең де маған бір нәрсе тауып бер» деп «еркелігім мен тентектігімді» көтеретінін білген соң қатаң талап қойдым. Ол Екібастұздық емес, тек СҚО-лық болғаны үшін айыпты)

Содан шынжыр байланыс жалғанды. Әріптесіп досына -> досы құда баласына -> құда баласы танысына -> танысы қарындасына -> қарындасы группаласына -> группаласы кластасына -> кластасы жездесіне айтып әйтеуір Екібастұзда жүрген біреуді таптық. Таныстың танысы дегенім ғой енді. Ол маған қазір келетінін айтып, қоңырау шалды. Күттім. Келді. Жағдайды айттым. Жауап: «біздің қалада ондай ештеңе жоқ».)))

ВоБшым екеуіміз қаладағы бар нәрсені тіздік отырып алып. Ал тізімнің ішіндегі ең ұнағаны иподорм болды. Ойланбастан сонда тарттым.

fdddfgБұл иподром 2004 жылы құрылған. Жекеменшік, әрине. Отандық жылқыларды есептемегенде, мұнда 7 жылқы, 3 ат, 4 құлын бар. Олар арнайы Франциядан, Англиядан, Парижден т.б елдерден әкелінген.

ТОО «Грань» Иподром директоры Қанат Қайырбаевтың айтуынша, әр атты кемінде 15-20 мың долларға шетелден сатып алады.

Ал елге келген тұлпарлар жүлде алған сайын оның құны көтеріле береді екен. Егер ешқандай бәйге алмаған болса, керісінше өз құнын да ақтамайтын көрінеді. Сондықтан иподром бапкерлері жануарларға ерекше күтім жасайды.

Сондай-ақ, аттар баптағанды, еркелеткенді жақсы көреді екен. Егер ауырып қалса, арнайы екпе ектіріп, витаминдер алдыртады. Қанат ағаның айтуынша, аттарға арналған витаминдер Қазақстаннан табылмайды, алыс-жақын шетелдерден алдыртады, оның өзі тәп-тәуір шығын екен.

mishel

Бұл аттың аты — Мишель. Ағылшын аты. Кәсіпкердің өзі арнайы әкеліп, талай бәйгелерге қосып жүр екен. Алғашқы сатып алған құны 18 мың доллар. Бірнеше бәйгеде оза шапқан. Қазіргі құны төрт есеге артыпты. Өзі сондай сұлу жануар.

 

 

 

 

 

11113596_446782132161597_4725052763013389648_n

Бұл кербез айғырдың аты Беркут. Франциядан әкелінген жануар. Ал өзі сондай талғампаз. Тіпті алдындағы асын да адам сияқты таңдап-талғап жейді екен.

 

 

 

 

 

 

gdfБұл жануардың отаны Германияда. Аты Дившина. Алғашқы құны 20 мың доллар болса, қазіргі құны 3 есеге артыпты. Бұдан да басқа Сокол, Роза, Лаймил, Флойд деген аттар да бар. Тіпті ерекше.

 

 

 

kolИподормның жанында мынадай қолдан жасалған көл бар. Мұны да иподорм иесі өзі ойлап тапқан. Жағасында қайық, астында балық. Сазаннан бастап, бірнеше балықтың түрін әкеп, көлге жіберген. Мұнда келген адамдар ерекше әсер алып, әдемі демалып қайтуға жағдай жасалған. Иподром жылына 3 рет бәйге ұйымдастырады. Бірінші, маусым айында қала күніне орай, сосын тамыз айында шахтерлер күніне орай ұйымдастырылса, үшінші, қазанда маусымның жабылуын атап өтеді.

Сұмдық сұлу жануарлардан көзімді ала алмай, амал жоқ, қимай қайтуыма тура келді.

Ақбота Мұсабекқызы, qazaqia2015‬ (Суреттер автордың еңбегінен алынды)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!