Қаржаубай Сартқожаұлы, Қадыл Айдаубайұлы. Қабірге иесі мен атын қоса жерлеу себебі не?

10006

Бұл дәстүр бүгінгі күнгі бізге жалғасты ма деген сауалдар туындайды. Халқымыздың жадында сақталған «Ер қанаты-ат», «Адам жылқы мінезді», «Жігіттің сорлысын аттыңжалдысы теңейді», «Ат үйірін сағынса артқы аяғын қағынар, Ер үйірін сағынса айыл тұрман тағынар», «Жылқы малдың патшасы», «Ат тұяғын тай басар», «Ат ерінді келер, ер мұрынды келер» деген сияқты атты (жылқыны) ер азаматқа теңеген мақал-мәтелдер көп-ақ. Оның себебі не, неліктен солай? Әйелдер әулетін неге атқа теңемейді?

Бұған күні бүгінге дейін мән беріп, ой сарабынан өткізген жоқпыз. Бабаларымыз өзінің бір иесі (тотемі) болған бұғының мүсінін тас тұғырлар тұнжырларға мәңгілікке қашағаны сияқты атты, жылқы малын тағы да осылайша тас тұнжырларға мүсіндеп қашаған. Міне, бұның өзі біздің бабаларымыздың біразы жылқының (атты) неге тотем еткенінің бір айғағы. Бұндай тұнжырлар көне түркілердің мекені қазіргі Моңғолияның Баянхонгор аймағының «Шатар чулуу», Архангай, Булған, Хөвсгөл аймағының жерінен табылып отыруы бірден бір куә. Халқымыздың тұрмыс салтындағы атты басқа ұрмау, атты теппеу, аттың басын тасқа шығару, атқа табыну деген сияқты бірер жосын ырымдар бар. Мінеки, бұның барлығы да ат немесе жылқы малы біздің иеміз (тотем) болғанынан хабардар етеміз. Әйтсе де, қалайша ие (тотем) болған? Оның этнографиялық негізі қандай?

Халқымызда «сүйектес», «қандас» деген ұғым бар. «Қандас» десе бүкіл қазақ ұлтымен сабақтастыра түсінеміз. Ал, «сүйектес» десетек өз руымызбен, ұзағанда тайпамызбен ғана сабақтастыра түсінеміз. Бұл түсінік баяғыдан солай ма? Жоқ, мүлде олай емес еді.

Біздің қандас, сүйектес деген ұғымымыздың астарында көшпелілердің аса үлкен дүние танымы, философиясы, көзқарас жүйесі жатыр.

X ғасырдың бір жәдігерінде «екі иылтыз» (екі негіз) деген атау мен орта ғасырлық көшпелілердің дүние танымының системасын көрсеткен. Осы «екі негіз» бойынша дүние-ғалам жаман-жақсы, аласа-биік, үлкен-кіші, көк-жер, тау-су, еркек-әйел, күн-ай, құс-аң, деген секілді боп бөлінеді. Сөйтіп, бұрынғы көшпелілер адам затты, бір елді, тайпалы ел руды аталық және аналық әулетке бөлген. Олар аталық әулетін сүйектес, аналық әулетті — қандас деп атаған. Бұл ұғым моңғолдарда күні бүгінге дейін сақталып отыр. Ал біздің халқымызда сақталған осы ұғым сол көне дәуірдегі дүние танымның жұрнағы ғана. Мәселен көне Түркілердің ішіндегі Ашина ұрпақтары — аталық әулет немесе ұлы тәңірдің жердегі ұрпағы. Ал, ашиделер аналық әулеттің ұрпағы. Шамандық сенім бойынша, көк тәңірісінің жердегі елшісі қанатты ат, жермен көктің арасын жалғастырушы әлем-ағаш (мировое дерево). Көк тәңірінің көктегі символы — күн, жердің символы — аспандағы ай. Хайуанат дүниесінің тәңірдің жердегі рәмізі құс, самұрық, жердің (аналық әулеттің) рәмізі арыстан, жолбарыс. Жердегі тау, шың, құз, тәңірлік; су өзен, көлдер аналық болып есептеледі. Сөйтіп, шамандық дүние таным бойынша ат (жылқы) тәңірдің жердегі елшісі. Дәлірек айтсақ, аталық рухтың (әулеттің) рәмізі.

Сондықтан да жылқыны (ат) ер адамға теңеп аталық рухтың бір иесі (тотем) ретінде қолданған. Міне, осы ұғымның жұрнағы күні бүгінге дейін халық жадында сақталып қалғандықтан халқымыз жылқы малын киелі жануар деп көріп, жылқы малдың патшасы (тәңірі) деп құрметтеген.

Б. э. б. І ғасырдан Абылай ханға дейін елдігін дәлелдеп халықтың намысын қоздыра жанын сол үшін қиятын елдік нышан рәміз болушы туымыздың (байрақ) өзі 9 ақ айғырдың құйрығынан алынған 9 түп қыл емес пе. Иә, бұдан асырып әспеттеген халық аз-ау.

9f1a8f7afabf8d5c03eccab2e7d0f2b3Қаржаубай Сартқожаұлы,
Қадыл Айдаубайұлы

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!