Жылқы саны жылдан-жылға артып келеді

6967

Сайын даланың сәні ғана емес, күллі ұлттың символына айналған жылқы малының қасиетін бағалай білген жан қазақтай-ақ болсын. Бүгінгі таңда жесе ет, сауса сусын болатын осынау қамбар ата тұқымын өсірушілердің қатары арта түскені жақсылықтың нышаны.

Жалпы, Қызылорда өңірінде соңғы жылдары жылқыны өсіруге бағытталған жұмыстардың көкжиегі күн санап кеңейіп, пайдасы зор істер айтарлықтай қарқын алу үстінде. Оған мемлекеттік «Алтын асық» бағдарламасы айқын дәлел.

Қазіргі күні маңызды бағдарлама негізінде үстіміздегі жылы Арал ауданы бойынша 290 бас жылқы және 20 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған-ды. Ауыл шаруашылығы саласында өзіндік қолтаңбасы бар азаматтардың бірқатары жарқын бастамаға үн қосып, мал алуға айрықша ынта танытуда.

Иә, кент, ауылдық округтерде белгіленген жоспарға сәйкес түсіндірме жұмыстары жан-жақты жүргізіліп келеді. Нәтижесі шығар, «Құлан» бағдарламасына қатысты құжаттарын әзірлеп, оның жылқы санының артуына мол мүмкіндік туғызатын жемісті қадам екенін сезіне бастағандардың қарасы қалың. Бағдарламаның қолданысқа енуі аз уақытта қарқын алғаны қуантады.

А. Жайшылық

БАҚ.кз

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!