Қытайда өткен аударыспақтан II халықаралық Азия чемпионатында еліміз палуандары топ жарды

3826

14 шілдеде күні Шыңжаңда «Іле тұлпары халықаралық саяхат мерекесіндегі» ат үсті аударспақ халықаралық сайысы Моңғолкүре тұлпары саяхат мәдениет бақшалығында өткізілді.

Әр елден келген шабандоздар мен өнерпаздар осы жарыста ат үстінде күштерін сынасты. Қытайдың Моңғолкүресінен, Қазақстан, Түркия, Ресей, Моңғоля, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан қатарлы 8 мемлекеттен келген команда аталған жарыста өз өнерлерін көрсетті.

Сегіз елдің 50 палуаны бақ сынаған бәсекеде Оңтүстіктің атынан үш спортшы қатысып, барлығы да алтыннан алқа тақты.

Атап айтқанда, қос аударыспақшы Сырым Ізбасаров пен Біржан Қосәлиев 90 келі салмақта жүзден жүйрік шықса, 80 келі салмақта Түймебек Жұмалиевтің жұлдызы жанды. Халықаралық жарыс кезінде, аталған үш чемпионнан бөлек, Жанбатыр Бекмұсаев “Үздік төреші” номинациясын жеңіп алды.

Шекарадан аттарымызды алып өту мүмкін болмады. Сол себепті Қытайға барып, жаттығу барысында біздің палуандарға сай келетін жылқыларды таңдап алдық. Дегенмен, жеңіске жете алдық. Бұл біз үшін үлкен жеңіс деп ойлаймын, – дейді ОҚО ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Ғани Ахметбаев.

Айта кету керек, ұлттық ойындардың арасынан қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі – аударыспақтан Азия чемпионаты екі жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Мәселен, екі жыл бұрын чемпионат ел ордасы – Астанада өтіп, онда екі спортшымыз чемпион атанса, биыл «Аспан асты елінде» өтіп отыр. Ал екі жылдан соң, палуандарымыз Моңғолияда белдесетін болады.

Бүгінде жерлестеріміз “Ұлы дала көшпенділері” атты халықаралық жарысқа дайындық үстінде. Бұл турнир қыркүйек айына жоспарланған.

BAQ.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!