Алматыда Азия чемпионаты өтеді

2252

 16-21 сәуірде Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтеді. Көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан 8 мемлекет командалары тұңғыш ұйымдастырылған Азия чемпионатының  жүлделерін сарапқа салады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастыруымен өтетін  Жастар арасындағы І Ашық Азия чемпионатында   Қазақстан, Венгрия, Ресей, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан мемлекеттерінің жастар командалары бақ сынайды. Чемпионаттың бас төрешісі – ҚР Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік бас жаттықтырушы Қуанышбек Құрамаев. Сондай-ақ, көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортының бас төрешілері анықталды. Атап айтқанда, көкпар спортына –  Нұрдәулет Момынов, аударыспақ спортына Жанысбек Саев,  теңге ілу спортына – Рамазан  Махатов, жамбы ату спортына – Елдос Бадашев бас төреші болып бекітілді.

Қазіргі кезде Тараз қаласында   І Азия чемпионатының оқу-жаттығу  жиыны көкпар спортынан басталып кетті. Көкпардан ҚР Жастар ұлттық құрамасын жаттықтырушы – ҚР Жастар мен жасөспірімдер командасының аға бапкері Атамекен Рүстемов. Бұл оқу-жаттығу  жиынына биылғы Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында үздік деп танылған жиырмаға жуық көкпаршылар қатысуда. Екі апталық оқу-жаттығу жиынан соң көкпардың білікті мамандары шешімімен көкпардан ҚР Ұлттық   жастар құрама командасы жасақталады. І Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар есімдері де сол кезде белгілі болмақ.

Ал, ұлттық спорттың Жамбы ату, Аударыспақ, Теңге ілуден І Азия чемпионатына даярлық үшін өтетін оқу-жаттығу жиыны 3 сәуір күні басталады.

Бірер күндеТараздағы аталмыш оқу-жаттығу жиынына  Ауғанстан Жастар құрама командалары  келіп қосылады деп күтілуде.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!