Ел чемпионаты. Қызылорда БҚО-дан басым түсті

2277

Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының көкпар ойындары бойынша екінші күні топтық кездесулер жалғасып жатыр.

Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен Алматы қаласы құрамасының ойынын тамашалаған көрермендер, енді БҚО құрамасы мен Қызылорда облысы құрамасы арасындағы тартысты ойынды тамашалады.

Ойынның алғашқы бөлімінде қызылордалықтардың басымдығы айқын көрінді. 20 минутта 6 салым салған Ақмешіт жігіттері батыстың балуандарына дес бермеді.

Бүгін кешегіден гөрі Таразда күн салқын. Содан да болар, командалар арасындағы тартыс та қызып тұр. Бұған дейінгі ойындарда да тартысты дода болған болатын.

Сонымен, ойын соңындағы қорытынды бойынша Қызылорда құрама командасы есепті 7:5-ке жеткізіп, бұл ойынның анық жеңіпазы екенін танытты.

Салым салғандар:

БҚО: Бақдәулет Сейдәлиев – 2 салым, Мұхит Әмірәлиеа – 1 салым, Бекнұр Әбдірахманов – 2 салым.

Қызылорда құрамасы: Асхат Мырзагелдиев – 3 салым, Наурызқожа Әмзиев – 2 салым, Нұржан Қамбарбеков – 1 салым, Нұрлыбек Асқаров – 1 салым.

Естеріңізге сала кетейік, 19 мамыр күні басталған дүбірлі дода 26 мамыр күні аяқталады. Осы чемпионатта әбжілдік танытқан көкпаршылардан ІІ Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын құрама жасақталатын болаты.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!