Ел чемпионаты. Бүгін финалдық ойындар өтеді

3373

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Көкпардан ересектер арасындағы ел чемпионатының финалдық ойындары өтеді.

Естеріңізде болса, бұған дейін чемпионаттың Жоғарғы және Бірінші лига ойындары тәртібімен өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Жоғарғы лигада:

  1. СҚО
  2. Түркістан облысы
  3. Жамбыл облысы
  4. Атырау облысы
  5. Қызылорда облысы

Бірінші лиганың:

«А» тобында:

  1. Қарағанды облысы
  2. БҚО
  3. Алматы облысы
  4. Қостанай облысы
  5. Алматы қаласы

«В» тобында:

  1. Маңғыстау облысы
  2. Нұр-Сұлтан қаласы
  3. Ақтөбе облысы
  4. Павлодар облысы
  5. Шымкент қаласы

Жоғарғы лигада финалдық ойын Түркістан облысы құрамасы мен Жамбыл облысы құрамасы арасында өтеді. Ал Бірінші лиганың «А» тобында Қарағанды облысы құрамасы үздік шықса, «В» тобынан Нұр-Сұлтан қаласы құрамасы үздік атанған болатын. Яғни, Бірінші лигада финалдық кездесу астаналықтар мен қарағандылықтар арасында өтеді.

Осы орайда, бұған дейінгі 19 чемпионаттың жетеуінде Жамбыл облысы құрамасы мен Түркістан облысы құрамасы финалдық кезеңде кездескенін еске сала кеткіміз келеді. Сондай-ақ, 2019 жылы тура осы алаңда Жамбыл облысы құрамасы түркістандықтардан басым түсіп, ел чемпионаты тарихында 10-шы жеңісіне қол жеткізгенін атап өтуге болады.

Бұдан бөлек, бүгін кеше өткен «Өнер көкпары» республикалық турнирінің де финалдық кездесуі өтетінін айта кетейік. Еліміз тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған турнирдің финалында Шымкент қаласының «Құлагер-Шымкент» командасы мен Ақмола облысының «Ақмола» командасы сайысатын болады. Сонымен қатар жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де бүгін өтеді.

Ел чемпионатының финалдық ойындары 10:30-12:30 аралығында QAZSPORT телеарнасынан тікелей эфирде беріледі.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!