Бәйге мен жылқы шаруашылығы жаңа деңгейге шығады

1468

Республикалық зауыттық жылқы тұқымдары палатасы (RPZPL) мен Olimpbet букмекерлік компаниясы арасында ынтымақтастық туралы брифинг өтті.

Серіктестіктің мақсаты – жылқылардың зауыттық тұқымын көбейту және республикада ат спортын дамыту.

Olimpbet компаниясының даму жөніндегі директоры Константин Гусев компанияны кәсіби және бұқаралық спортты дамыту мен қолдау бойынша Қазақстандағы жетекші жеке ұйымдардың бірі екенін атап өтті.

2022 жылы біздің тікелей қатысуымызбен бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтті. Ал бүгін біз қазақ жылқышыларын қолдау туралы шешімімізді ресми түрде жариялаймыз. Біздің компания үшін бұл – әлеуметтік жоба. Біз ешқандай коммерциялық мақсатты көздемейміз. Жылқы өсірушілерге болашаққа деген сенім ұялатып, асыл тұқымды жылқыларды алдағы жылдарға өндіруге және өсіруге қаражатқа кепілдік бергіміз келеді. Olimpbet серіктестерімізге қаржылық қолдау көрсетеді. Бұл дегеніміз бірқатар жарысты өткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өз кезегінде халықаралық спорттық деңгейге шығуға мүмкіндік, — деді Константин Гусев.

Olimpbet өкілінің айтуынша, сапалы жаңа деңгейде қомақты жүлде қорымен ұйымдастырылған жарыстар Қазақстан экономикасы үшін мультипликативтік нәтиже беретінін атап өтті. Жылқы шаруашылығын дамыту жүздеген жаңа жұмыс орындарын құруға әсер етеді. Инфрақұрылым дамиды.

Жылқының зауыттық тұқымы жөніндегі республикалық палатаның басшысы Талғат Жайсаңбаев «Олимпбет» БК-мен ынтымақтастық қазақстандық жылқы шаруашылығын дағдарыстан шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оның айтуынша, соңғы 30 жылда республикада жылқы зауыттары мен жылқы шаруашылығы кәсіпорындарының саны күрт азайған. Егер 1990 жылы республикада 37 жылқы зауыты және 73 жылқы шаруашылығы болса, бүгінде Қазақстанда бір ғана мемлекеттік жылқы зауыты бар. Ол Қостанайда. Жеке секторда мұндай 20 шақты кәсіпорын ғана қалды, көпшілігінің жағдайы өте нашар.

Бірақ Қазақстан асыл тұқымды жылқы өсіруде айтарлықтай табысқа жетті. Мысалы, ат спорты бойынша КСРО-дан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Сергей Филатов 1960 жылы Римде Жамбыл облысындағы әйгілі Луговой жылқы зауытынан шыққан Абсент атты айғырмен алтынды жеңіп алды. КСРО-ның соңғы чемпиондарының бірі болған Лоина атты биені еске түсіре аламыз. Қазір ондай жетістіктеріміз де жоқ, — деді Талғат Жайсаңбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанда жылқы саны көп – 3,8 миллионға жуық. Алайда, олардың тек 70 мыңы ғана асыл тұқымды жылқы. Қалғанының бәрі ет-сүт бағытында.

Германияда ресми деректер бойынша 1,2 миллион жылқы бар. Олардың барлығы дерлік асыл тұқымды. Ал аукциондардағы статистикаға көз жүгіртсек, орташа есеппен, бір ат 20 мың еуро тұрады. Біздікі, ет – 1 мың еуро. Тағы бір мысал, әлемде жыл сайын 120 000-ға жуық ресми ат жарысы өтеді. Қазақстанда – 100-120 бәйге өтеді. Бұл үлкен жарыс мәдениеті еді. Оны бүгінде жоғалтып ала жаздадық. Кезінде біздің жылқыларға КСРО-ның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ көрші – Қытай мен Моңғолия ғана емес, Еуропадан – Венгриядан, Польшадан, Румыниядан қызығушылық танытып келетін. Осының барлығын жандандырғымыз келеді. Осы орайда «Olimpbet» букмекерлік кеңсесімен бірлескен жұмыстың арқасында табысқа жетеміз деп сенемін, — деді Талғат Жайсаңбаев.

Атбегілер де Olimpbet-тің осы саланы қаржыландырып жатқанына қуанышты.

Қазақстанда барлық қатысушылар әділ бағаланатын толыққанды жарыстарды қайта жандандыру қажет. Бәйгелер ережеге сай өтіп, турнирлер ресми мәртебеге ие болғанда, аттарымыз шетелде де бағаланады. Біз оларды әлемдік бағамен сата бастасақ, жылқышыларымыз бұдан да асыл тұқымды жылқылар шығаруға мүдделі болады. Ал олардың күтіміне, бағуына, бәйгесіне кәсіби шабандоздар мен атбегілер қажет. Мұның бәрі тұтастай алғанда біздің саланы жаңа деңгейге көтереді, – дейді Qazaq Jockey Club-ының төрағасы Мақсат Ақаев.

Ол қазақстандықтар жылқыға қарыздар деп есептейді.

Қазақстанның ұлан-ғайыр жері ең алдымен аттарымыз бен шабандоздарымыздың арқасында жаулап алынды және сақталды. Бірақ, біз көшпенділердің ұрпағы жылқыға алғыс айтпай, асқақтатқан емеспіз. Біз оларға шексіз қарыздармыз. Сонымен қатар, бізде әлі күнге дейін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сертификатталған бірде-бір ипподром жоқ. Үкімет пен біздің кәсіпкерлер бұл жағдайды түзетеді деп сенемін. Әр өңірде бірнеше ипподром салу жоспарланып отырғанын білемін және олардың әлемдік деңгейге сай болуын қалаймын, – деді Qazaq Jockey Club басшысы.

«Қазақстанның букмекерлік кеңселер қауымдастығы» АА дирекциясының төрағасы Эльдар Жұма жылқы шаруашылығын дамыту Моңғолиядағыдай республиканың бүкіл туристік саласының дамуына қосымша серпін бере алатынын еске салды.

Жақында жергілікті ат жарысын тамашалау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартыла бастайды. Ат спортының атасы саналатын, ел назарын аударатын, жылқы шаруашылығы корольдік деңгейде қолдау тапқан Ұлыбританияны да үлгі етуіміз керек, — деді Эльдар Жұма.

Әсел Әбілбек,

Argymaq.kz

ФОТО: Баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.