Қостанай жылқысы мен Адай жылқысын дамытуға 682,5 млн теңге бөлінеді

995

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық — нысаналы қаржыландыру аясында «Қазақ жылқысы мен Қостанай тұқымының адай типіндегі ат қасиеттерін сақтау және жетілдіру» ғылыми-зерттеу бағдарламасын іске асыруды жоспарлап отыр.

Оған шамамен 682,5 млн теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттардың сұрағына жауап берді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ғылым және жоғары білім министрлігінің қарауына енгізу үшін ғылыми-техникалық тапсырма әзірленді.

Сонымен қатар, Премьер-министр Қостанай жылқысының тұқымын сақтау және молайту мәселесі бойынша жеке заң әзірлеу мәселесі қаралмағанын айтты. Ал асыл тұқымды малдардың гендік қорын сақтау және көбейту, сондай-ақ олардың өнімділік қасиеттерін молайту және жақсарту, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін реттеу «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заң аясында жүзеге асады.

Осылайша, асыл тұқымды куәлікті есепке алу, беру, мәртебе беру, бағалау жүргізу, сондай-ақ Қостанай жылқысының тұқымын сынақтан өткізу мәселелері асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнамамен реттелді, — деп атап өтті Премьер-министр.

Eldala

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.