«Дөң қоңыр»

1104

Бала кезімде үлкендер арасында «Дөң қоңыр» деген ат туралы көп айтылатын. Ерекше үлкен денелі жылқы, Қобда өзені тасып, өткел бермей, басқа аттар өте алмай қалған кезде Дөң қоңыр ғана өтеді. Біраз жылдың алдында Дөң қоңыр туралы Бәйтей Бапиұлы ағамыз менің өтінішім бойынша осы әңгімені жазып берген еді.

«1944-жылы «Партизан» деп аталған 40-50 әскер Хабидың бастауымен батыс шекараны қорғауға аттанады. Ішінде Мұхамед атамыз бар. Үкібасұлы Бұғы, Бисінбайұлы Самалхан ағалар бар. Сол жолы Мұхамед шал Алтай бетінде (ШҰАР) оқ тиіп жараланып, ұсталып, жау қолында тірі қалады. Ат ұстаған жолдасы атын бермей, жанашырдың жоқтығынан жаралы қала береді. Сол соғыста Б.Самалханның бір аты оққа ұшады. Соғыс аяақталған соң, елі үркіп кеткен бір иен қораға кез болады. Сол жердегі бір қашада аққұрдан істелген ноқтасы бар қаракер ат қаптағы ұнды жарып жеп тұрады. Сонда Хаби: «Әй, Самалхан сенің бір атың оққа ұшты ғой, мына тұрған қаракер атты жетегіңе ал» — дейді.

Сәмең (Самалхан атамызды ел сыйлап Сәмең дейтін – автор) қаракерді жетегіне алады. Өз еліне оралып әлгі аттың тісін ашып көрсе, тісеп жүрген – тісеу құнан болып шығады. Денесі кесек, бойы биік болған соң жігіттер құнан болса да әлгі қаракерге «Дөң қоңыр» деген ат береді.

Сонымен 1950 жылдары халыққа «Меден» деген міндет шығып, байлардан өртеңге («морин өртөө» деген моңғол сөзі қазақша – «ат лауы» деген мағана береді – автор) жылқы жинау басталады. Осы кезде Самалханның әкесі Бисінбай байдан алған жылқынның ішінде «Дөң қоңыр» «Меденге» алынады.

1959 жылдары менің әкем “Меден“ атын бағып жүргенде жаз бойы бұрамға («Паром». Сол кезде Қобда өзенінде көпір болмағандықтан сұмын орталығынан бірталай қашықта орнатылған өзеннің арғы бергі жағына адам, мал, машина тасып өткізетін темір арқанмен бекітілген қайық болған – автор) бір рет те бармай, Жүн мөйкенің (жүн мойка — жүн жуатын жер) тұсындағы «Бес өткелдің» ар жағына бір қазық бер жағына бір қазық қағып, су қандай тасып жатқанда «Дөң қоңырмен» өтіп шығатын. Ал басқа аттар малтап бара жатқанда «Дөң қоңырдың» сербегінен су аспайтын. Міне осындай алып жылқы болды.

1964 жылы біз «Дөң қоңырды» соғымға сойдық. Үлкндігі өркешсіз түйедей мал еді. Сүйегін көрген адамдар: «Түйе сойғансыздар ма?» — деп сұрап отыратын.

Әкем ат лауға салмайды, өмір бойы құр шығады. Той үлкен жиында әкеміз мініп барады. Мойыны құрықтай, топ жиынды көргенде ойнап басып, билеп, секеңдеп басын шұлғи беретін. Міне осындай алып тұлға еді» — деп Бәтей Бабиұлы ағамыз әңгімесін тәмамдапты.

Асай Рәміш,

Argymaq.kz

Фото: krot.info

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.