Бейіт басында жылқы тұр…

1697

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жарылғап батыр ауылында Тайтөлеу Мұқаш есімді әкеміз өткен. Өзі сері, ат құлағында ойнайтын шабандоз азамат еді. Бұл өлең сол әкеміздің бейітінің басында тұрған жылқысын көргенде туды.

/Автор/

Бойында серілердің ғұрпы қалған,
Болсаң да біртуар жан.
Бір күні өте шығар
Жалынан сипатпайтын жылқы-жалған.
Десек те өмір-шаттық,
Өлім-қайғы
Адам түгіл аты да қайғыратын,
Мұндай өлім талайға, мүмкін, арман?..

Түлігің маңайласа бұл алапты,
Әке, саған зор бақыт ұялапты.
Қамыс құлақ бұл жерге келіп тұр-ау
Ием деп: “көрсетпеген қиянатты”.
Есті деуші еді ескі көз жануарды,
Бұлар да біле ме әлде зияратты?!

Бұлардың да сыйына алғаны ма?
Бұлардың да сенімі болғаны ма?
Иеме шарапатың тисе екен деп
Жалынып тұр ма пірі Қамбарына?
Жануар, құдіретіңе Алла куә,
Мен солай топшыладым бұл ісіңді
Адамдық ақыл жетпес қалғанына.

Бәрін тастап қалалық дабыраның,
Ауылға барамын-ау
Сағынамын…
Ауыл барсам, қараймын бейіт жаққа
Күткендей тірі жанның табыларын,
Қадірлеп иесінің әруағын
Жылап тұрған жоқ па деп жануары…

Мирас Мұқаш,

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.