Алматыда жылқы көрмесі өтті (ФОТО)

2086

Алғашқы республикалық жылқы көрмесі 2019 жылы өтсе, дәстүрге айналған көрме биыл 1 қазанда Алматы Республикалық ипподромында өтті.

«Жылқы көрмесі – Алматы-2023» деп аталатын мәдени іс-шараны «Зауыттық жылқы тұқымдары» Республикалық палатасы, Қазақ Жокей клуб мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті бірлесе ұйымдастырған.

Көрменің мақсаты – отандық жылқы тұқымдарды және де басқа жылқы тұқымдардың үздік жетістіктерін, тұқымдық ерекшеліктерін жылқы сүйер қауымға насихаттау.

Көрменің ең бір маңызды жері Қазақ елінде өсіріліп жатқан әртүрлі жылқы тұқымдарын халық алдына шығарып таныстырып-көрсету, олар: қазақ жылқысы, тазақанды жылқылар, араб тұқымы, ақалтеке тұқымы, мәстек жылқылар, жартылай қанды спорт жылқылар, ауыр жүк тартатын жылқылар, желісті жылқылар, Қостанай тұқымы, шұбар түсті жылқылар және т.б. Әр жылқы тұқымының конституциялық, экстерерлік ерекшеліктерін ескеріп, оларға баға беруді жылқы таныушы ғалымдар қолына алды – дейді еліміздегі белгілі жылқытанушы ғалым Қайрат Исхан.

Жылқы көрмесіне а/ш.ғ. докторы А.Р.Әкімбеков, а/ш.ғ.к., қауым. профессор А.Джунисов, ҚР ҰҒА корреспендент мүшесі, а/ш.ғ. докторы Д.А.Баймуканов және комиссия төрағасы а/ш.ғ. к., доцент Қ.Ж.Исхан қатарлы жылқытанушы ғалымдар төрелік етті.

Көрмені палата директоры Талғат Жайсанбаев пен Қазақ ҰАЗУ-нің PhD доктаранты, жас жылқы зерттеуші маман Жасұлан Өтебаев жүргізді.

Жылқы көрмесіне ҚХР-ның жылқы шаруашылығын зерттеуші ғалымы, а/ш.ғ.к., профессор Гіміңгүл Мұқатайқызы құрметті қонақ болып қатысты.

Көрменің абсолютті чемпионы асыл тұқымды «Мэн оф Пис» атты айғыр болды.

Көрмеде үздік көрсеткіш көрсеткен жылқылардың иелеріне құрмет дипломы және I-III дәрежелі дипломдармен қоса материалдық сыйлықтар берілді.

Сонымен қатар көрме соңы биылғы жарыс маусымының аяқталуына орай ат бәйгесіне ұласты.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.