Жамбы атудан федерация кубогы өтті (ФОТО)
Шымкент қаласында Жамбы атудан ересектер мен жастар арасында федерация кубогы өтті.
Мергендер бәсекесіне Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан құрама командалар қатысты.
Кубокты Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы және Республикалық жамбы ату федерациясы ұйымдастырды. Бұл жамбы атудан қыстық маусымда ұйымдастырылып отырған тұңғыш «Федерация кубогы».
Федерация президенті Еркебұлан Ілиясовтың айтуынша қыс маусымына қарамастан біздің спортшыларымыз кез-келген ауа райында ойын көрсетуге дайын. Сондай-ақ соңғы жылдары осы спорт түрін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты.
Біздің Федерацияның басты міндеті – ат үстінен садақ атуды жүйелі жолға қойып, әлемдік деңгейге шығару. Осы додаға алдымен мына аттың ары-бері ауып кетпеуі үшін арнайы жол жасадық. Екіншіден, біздің жарысымыз әділ және таза өтуі үшін таймер қойып, қай кезде бастап, қай кезде аяқтағанын неше минут, неше секундта жүріп өткенін қараймыз. Бейнебақылау алып қойдық. Біздің спортшылар садағын атқан кезде неше ұпайға дәл тигізгенін қарап белгілеп отыруға қажет, — деді Еркебұлан Ілиясов.
Федерация басшысының айтуынша алдағы уақытта Шымкент қаласында арнайы академия ашу жоспарда бар.
Биылғы федерация кубогы 4 стиль бойынша өтті: қазақ стилі, түрік стилі, корей стилі, мажар стилі. Аталған стиль бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер соңында «Тайтұяққа» таласады. Басты талап – нағыз мерген аттың қылына ілінген тайтұяқты атып алды. Осы жолы «Тайтұяқ» жүлдесі – 600 000 теңге болды.
Шараға Қазақстанның 15 өңірінен 50-ге жуық өтінім қабылданды.
Ересектер – 17 мерген;
Жастар – 18 мерген;
Қыздар – 7 мерген.
Жеңімпаздар:
«Корей стилі»:
Жастар:
I орын – Черников Никита (Қарағанды облысы)
II орын – Бексауыт Батыр (Түркістан облысы)
III орын – Пернебай Ақәділ (Қызылорда облысы);
Ересектер:
I орын – Айкөз Ералхан (Түркістан облысы)
II орын – Сарыбай Айтбек (Түркістан облысы)
III орын – Өміртай Ғалымжан (Қызылорда облысы);
Қыздар:
I орын – Алыбаева Гүлдана (Жетісу қаласы)
II орын – Бердіке Мөлдір (Алматы облысы)
III орын – Миравилдаева Аружан (Алматы облысы);
«Мажар стилі»:
Жастар:
I орын – Бірлікбаев Нұрсұлтан (Алматы облысы)
II орын – Пернебай Ақәділ (Қызылорда облысы)
III орын – Бексауыт Батыр (Түркістан облысы);
Қыздар:
I орын – Бердіке Мөлдір (Алматы облысы)
II орын – Жолдасбаева Жазира (Маңғыстау облысы)
III орын – Жаңбырболат Аружан (Жетісу қаласы);
Ересектер:
I орын – Тулыбеков Абзал (Жамбыл облысы)
II орын – Өміртай Ғалымжан (Қызылорда облысы)
III орын – Айкөз Ералхан (Түркістан облысы);
«Түрік стилі»:
Жастар:
I орын – Пернебай Ақәділ (Қызылорда облысы)
II орын – Бексауыт Батыр (Түркістан облысы)
III орын – Үсен Ақберен (Түркістан облысы);
Қыздар:
I орын – Жолдасбаева Жазира (Маңғыстау облысы)
II орын – Алыбаева Гулдана (Жетісу қаласы)
III орын – Зарилханқызы Зарина (Түркістан облысы);
Ересектер:
I орын – Сарыбай Айтбек (Түркістан облысы)
II орын – Айкөз Ералхан (Түркістан облысы)
III орын – Абдрахманов Бахыт (Алматы облысы);
«Қазақ стилі»
Жастар:
I орын – Үсен Ақберен (Қызылорда облысы)
II орын – Бексауыт Батыр (Түркістан облысы)
III орын – Бірлікбаев Нұрсұлтан (Алматы облысы);
Қыздар:
I орын – Бердіке Мөлдір (Алматы облысы)
II орын – Зарилханқызы Зарина (Түркістан облысы)
III орын – Миравилдаева Аружан (Алматы облысы) жеңіп алды.
Бердіке Мөлдір “Томирис” номинациясымен марапатталды. Мергендердің арасынан түркістандық Сарыбай Айтбек ат қылына байланған тайтұяққа жебесін дәл тигізіп, 600 000 теңге көлеміндегі үлкен ұтысқа ие болды.
Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жалпы жамбы ату федерациясы тағайындаған 3 000 000 теңге жүлде қоры табысталды.
Argymaq.kz