“Алтын тұлпарда” 86 жүйрік бағын сынайды

6 қыркүйекте өтетін «Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне қатысатын жүйріктер ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына өтінімдерін жолдап тізімделіп жатыр.
Атап айтқанда:
Астанадан – 10,
Ақмоладан – 1,
Ақтөбеден – 1,
Алматыдан – 10,
Атыраудан – 2,
Жамбылдан – 10,
Қарағандыдан – 10,
Қостанайдан – 10,
Қызылордадан – 5,
Маңғыстаудан – 11,
Павлодардан – 5,
Солтүстіктен – 1,
Оңтүстіктен – 3,
Шығыстан – 7 жүйрік қатысады деп күтілде, деп хабарлайды қауымдасттықтың баспасөз қызметінен.
Бұл жүйріктерді тұқым-түрге бөліп қарар болсақ:
қазақы жылқы – 8,
араб-ағылшын – 13,
ағылшын – 13,
ағылшын-қазақ – 3,
Қостанай тұқымы – 10,
араб жылқысы – 13,
орыс тұқымы – 1,
будан тқұым – 16,
ағылшын-ахалтеке – 1,
жабы -1.
Еске сала кетейік, биылғы «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры 23 млн теңгені құраса, бас жүлде 10 млн. теңге деп жоспарланып отыр.
Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі