Жылқыда болатын мұзқата ауруы және оны емдеу

4341

Маңғыстаудың биік жайылымдарында қараша-желтоқсан айында кей жылдары жаңбыр жауып мұзғалақ болады.

Осы кезде өсіп тұрған шөптің бұтағына да мұз қатып, ол жуандап бармақтан да жуан болып қататын жылдар болады. Осы кезде ауа райының қолайсыздығынан тоңып ашыққан жылқы мұзды шөпке жайылып, мұзды бітеудей жұтқан кезде «мұзқата» ауруына шалдығуы мүмкін.

Бітеудей жұтылған мұз ішекте де ерімей, ішек қабырғасын тоңдырып, ауырады.

Мұзқатаның белгісі:
Ауырған жылқы артқы аяғын бүгіп итше отырады немесе басын қарнына бұрып тың тыңдағандай кейіпте болуы мүмкін. Аурудың бұл түрін қарта түйілумен шатыстыруға болмайды. Жайылымда жүрген жылқыда қарта түйілу ауруы болмайтынын есте ұстаған абзал.

Ішіндегі мұз ерімесе, буаз биелер құлын тастап, жылқылар өле бастайды.

Қалай емдеу керек:
Бұл жағдай байқалғанда жылқыны тездетіп үйірімен айдап мұз түспеген (жұқа түскен) терең сай-сала, ойпаң жерге жеткізу керек.
Егер жақын маңда жабық қора болса-қамап ықтатса немесе дереу жемдесе, жағы қимылдап, іші жылынып, жазылып кетуіне мүмкіндік болады.

Argymaq.kz аңдатпасы: Бұл ауру тек Маңғыстау өңірінде ғана емес, қыс ортасында жауын жауатын кез келген өңірде болуы мүмкін. Жылқы қолға қарамай, қыс бойы жайылымда болатындықтан, мұндай ауруға шалдығу мүмкіндігі өте жоғары екенін ұмытпағанымыз абзал.

Тағы бір еске сала кететін жағдай, жылқыда дәл осыған ұқсас құмқата деген аурудың да түрі бар. Ол туралы мына жерден оқуға болады.

Қаржаубай Бейсенғұлұлы Көшен, ардагер мал дәрігері
Маңғыстау ауданы,
Онды ауылы.
Argymaq.kz

ФОТО: million-wallpapers.ru

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!