Спорттық жылқыларға субсидия төлеуге 140 млн теңге бөлінеді

1897

Мәжілісте АШМ вице-министрі Аманғали Бердалин «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Барлық түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Субсидиялау шығыны РБК-ның 2023 жылғы 22 тамыздағы шешімімен қолдау тапты – бұл мақсаттарға жыл сайын 140 миллион теңге бөлінеді.

Айта кетейік, Қостанай тұқымы – мамандандырылған спортта қазақтың жалғыз тұқымы. Сонымен бірге, ұлттық ат спорты түрлерін дамыту үшін кеңінен қолданылады. Ол халықтың ұлттық қазынасы ретінде белгілі. Қазіргі уақытта республикада Қостанай тұқымды 228 жылқы, сонымен қатар 1 және 2 ұрпақ буданы тіркелген.

Аманғали Бердалин заң жобасында «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» үш заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделгенін түсіндірді.

Мәжіліске ұсынылған «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңда республикалық қой шаруашылығы палаталары өнімділік бағыты бойынша қалдырып, ал республикалық жылқы шаруашылығы өнімділік және спорттық бағытқа жеке-жеке палата құру көзделген. Сонымен қатар, жылқылардың өнімді немесе спорттық бағыттары бойынша палаталар құру және жұмыс істеу нормалары реттеледі.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» заңдар «асыл тұқымды мал» түсінігін нақтылауға қатысты. Өзгерістерге сәйкес «республикалық палатада тіркелген, тұқымның бағыты мен стандартына жауап беретін таза тұқымды жануар» деген түсінік ұсынылған. Сондай-ақ, республикалық палатада тіркелген отандық селекциядағы асыл тұқымды спорттық жылқылар «Қазақтың спорттық жылқы тұқымы» деген жаңа тұжырымдамаға жатқызылады.

Ал, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңда «Агроөнеркәсіптік кешен» (асыл тұқымды малды сақтау және өсіру) және «ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші» (асыл тұқымды малды өсірумен, сақтаумен және өсірумен айналысатын адамдар) ұғымдары нақтыланған.

Argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.