Қазақ жылқысына арналған тағы бір туынды жарыққа шықты

705

2025 жылы 19 желтоқсанда Семейде еліміздегі жылқытану саласына қатысты аса маңызды шара өтеді.

«Кетбұқа-Төлегетай» қоғамдық қорының мұрындық болуымен елдегі жылқы шаруашылығының бас маманы – ғалым, профессор Қайрат Исхан мен Айбек Каримов дайындаған «Жылқы түлігі» ғылыми-танымдық жинағы таныстырылады. Жинақ Шәкәрім университеті Ауыл шаруашылығы кафедрасының мақұлдап, қолдауымен шығып отыр.

Жинақта қазақ жылқысының түп-тегі, табиғаты, анатомиясы мен физиологиясы, экстерьері мен конституциясы ғылыми тұрғыдан баяндалған. Еңбекте сонымен қатар, көшпелілер өркениеті, көнетүркі мәдениеті мен әдебиетіндегі жылқы бейнесі, қазақ тарихындағы жылқының маңызы, тұлпар бейнесі толық беріледі. Мұнан бөлек кеше ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тілге тиек етіп, арнайы тапсырма берген елдегі жылқы шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы, оны асылдандыру тұрғысындағы ой-пікірлер оқырман назарына ұсынылған.

Сондай-ақ ат спорты, оның шығу тарихы мен маңызы, атсайысқа пайдаланылатын жылқы тұқымдары мен оларды таңдау мәселесіне ғылыми пайымдаулар жасалған. Ат үстіндегі өнер, саятшылық пен саяхат мәселелері де авторлардың назарынан тыс қалмаған.

Еңбектегі назар аударарлық жайттардың бірі – көптен бері айтылып, мәселе ретінде көтеріліп жүрген Найман жылқысының негізгі параметрлері жазылған. Авторлар жылқы шаруашылығы саласының болашағы туралы жаза отырып, Үйсін, Найман, Жетісу, Арқа, Шекті жылқыларын заңдастыру туралы ұсыныс айтады.

Аталған шара Қазақстандағы жылқы шаруашылығын заңдастыру мәселесіне ғылыми негізделген маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан мүдделі адамдар болса, келіп қатысуларыңызға болады.

Тағы бір ерекше айта кетер жай, алдағы 2026 жыл – жылқы жылы. Бұл қолына құрық ұстап, көкірегіне жылқы иісі сіңген, рухын арғымақтар дүбірі оятқан хылқымыз үшін ерекше жыл. Қолдарыңызға тигелі отырған «Жылқы түлігі» жинағы осы жылдың символы ретінде ең жақын, ет жақын адамыңызға сыйға беруге де таптырмас сыйлық болар еді.

Кітаптың тағы бір ерекшелігі, жылқытануға қатысты барлық саланы қамтығандықтан, сіз жылқы анатомиясын оқып отырып, дәл соған қатысты халқымыздың ауыз әдебиеті нұсқасындағы жылқы анатомиясын қатар оқи аласыз. Немесе жылқының тұқымдық ерекшелігін ғылыми тұрғыда оқып отырып, сонымен бірге халқымыздың сан ғасырдан бергі далалық сұрыптау жұмысы қалай жүрілгенін түсіне аласыз.

Қысқасы, мың естігеннен бір көрген артық дегендей, кітапты сатып аламын десеңіздер немесе алдын-ала тапсырыс беруді ойлап отырсаңыз төменге пікірге телефон нөміріңізді қалдырсаңыз болады.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

buy windows 11 pro test ediyorum

casibomcasibomcasibomcasibom girişjojobetsahabetcasibomcasibommarsbahiscasibomgrandpashabetonwinpusulabet guncel giris