«Ұлы дала жорығы»: Үшінші күннің қорытындысы

735

21 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанды.

Бұл жолғы жорық қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы 500 шақырым. Бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Торғай елді мекені маңында аяқталды.

Үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.

Үшінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытау облыстарынан екі-екі аты, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аты жарысқа жарамсыз болып қалды. Алматы қаласы мен Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 22 мамырда 3-кезеңді 14 команда жалғастырады.

Қорытынды:

  1. Жетісу облысы — 06:57:11 (4 ат қалды)
  2. Маңғыстау облысы — 07:30:48 (4 ат қалды)
  3. Алматы қаласы — 07:35:52 (5 ат)
  4. Қостанай облысы — 08:18:54 (3 ат қалды)
  5. Жамбыл облысы — 08:24:30 (5 ат)
  6. Астана қаласы — 08:35:16 (4 ат қалды)
  7. Қарағанды облысы — 09:24:28 (4 ат қалды)
  8. СҚО — 09:32:21 (3 ат қалды)
  9. Ақмола облысы — 09:53:57 (3 ат қалды)
  10. Түркістан облысы — 10:42:08 (3 ат қалды)
  11. Абай облысы — 10:45:39 (3 ат қалды)
  12. Ұлытау облысы — 11:14:30 (3 ат қалды)
  13. Павлодар облысы — 12:48:13 (3 ат қалды)
  14. «Рекорд» командасы. (6 ат)

300 км: Жалпы нәтиже:

  1. Жетісу облысы — 19:41:06
  2. Маңғыстау облысы — 20:13:16
  3. Алматы қаласы — 20:31:38
  4. Жамбыл облысы — 21:44:47
  5. Қостанай облысы — 21:48:55
  6. Астана қаласы — 23:08:36
  7. Қарағанды облысы — 23:49:23
  8. Ақмола облысы — 24:21:23
  9. СҚО — 25:09:07
  10. Түркістан облысы — 26:26:44
  11. Абай облысы — 26:29:16
  12. Ұлытау облысы — 28:13:15
  13. Павлодар облысы — 28:59:26
  14. «Рекорд» командасы.

Жорықта жеңімпаз атанған алғашқы үш команда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деген болжам бар (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).

Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.