Президент жылқы тұқымын сақтауға қатысты заңға қол қойды

1465

Мемлекет басшысы еліміздегі асыл тұқымды жылқының санын көбейтіп, тұқымын сақтап қалуға қатысты заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады — делінген хабарламада.

Естеріңізде болса бұған дейін Парламент депутаттары аталған заңды мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберген болатын.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.