«Ұлы Дала жорығы» халықаралық марафоны басталды

730

Бүгін V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында өткізілетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі Ботай өңірінен басталды.

Марафон Солтүстік Қазақстандағы Ботай қонысынан басталып, Астанада аяқталады. Оған шет мемлекеттерден 10-ға жуық команда және 9 отандық команда қатысып жатыр. Қатысушылар 500 шақырымды еңсеруі керек.

Аталған іс-шара шетелдік қатысушыларға көшпелі өркениеттің заманауи үлгісін көрсетуге және қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған. «Ұлы дала жорығы» жобасының негізгі мақсаты – ұмыт бола бастаған жылқы тұқымдарын қайта жаңғырту. Жарысқа қарашай, кабардин, араб, татар, башқұрт, жаңа қырғыз тұқымдары қатысып жатыр.

«Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесінің аясында ұйымдастырылған маңызды іс-шараның бірі – «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» жылжымалы көрмесі. Марафон қатысушылары, келген қонақтар Ботай мәдениетімен терең танысып, энеолит заманындағы құнды тарихи жәдігерлерді тамашалады.

Аталған іс-шараның бағдарламасына Ботай көрмесінің енуі кездейсоқ емес. Осыдан 44 жыл бұрын археолог-ғалымдар сенсациялық жаңалық ашты. Солтүстік Қазақстан жерінде қамбар ата түлігі ең алғаш қолға үйретілген деген тұжырым жасады.

Argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.