Халықаралық «Ұлы дала жорығы»: бірінші күннің қорытындысы (ФОТО)

709

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 17 команда Солтүстік Қазақстан облысы, Ботай қонысынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Лесное елді мекенінде аяқтады.

Жалпы жол қашықтығы 500 шақырым, бағыт – Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласын қамтиды. Марафон 7 қыркүйекте Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 100 шақырымын бағындырды. Бүгін Лесное ауылынан басталатын жорық Атбасар елді-мекеніне барып тоқтайды.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша, Қырғызстан командасы жеңімпаз атанды. Қазақстанның Жамбыл облысынан қатысқан шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді.

100 км қорытындысы

  1. Қырғыз Республикасы. 05:12:23
  2. Қазақстан Республикасы. Жамбыл облысы. 05:24:19
  3. Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы. 05:25:18
  4. Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы. 05:30:46
  5. Қазақстан Республикасы. Қостанай облысы. 05:40:10
  6. Ресей Федерациясы. Қарашай-Шеркеш Республикасы. 05:44:13
  7. Ресей Федерациясы. Қабардин-Балқар Республикасы. 05:49:35
  8. Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан облысы. 05:50:21
  9. Қазақстан Республикасы. Жетісу облысы. 05:55:17
  10. Мажарстан. 06:02:18
  11. Қазақстан Республикасы. Ақтөбе облысы. 06:10:51
  12. Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы, «СУЫН» қыздар командасы. 06:19:50
  13. Қазақстан Республикасы. Ақмола облысы «ТОМИРИС» қыздар командасы. 07:05:58
  14. Түркия Республикасы. 07:39:04
  15. Иран Ислам Республикасы. 08:00:46
  16. Оңтүстік Африка Республикасы. 08:04:33
  17. Ресей Федерациясы. Татарстан Республикасы. 08:43:22

Марафон жұмысына 2 халықаралық және 5 қазақстандық судья, сондай-ақ 4 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Жоба ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен Республикалық «JORYQ» ат спорт федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!