ДКО. Көкпар: Қазақстан-Ресей (18:2)

377

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан көкпар додасының бүгін үшінші күні.

Қазақстан құрамасы мен Ресей федерациясы құрамасы арасында өткен сайыста біздің жігіттер әдеттегідей бұл тартысты да жаттығу жасап жүргендей өткізді.

Ойынның алғашқы бөөлігінде Абылайхан Нышанбеков алғашқы салымды тағы да бір минутқа жеткізбей салды.

Сонымен командалар құрамын таныстырсақ.

Қазақстан құрамасы:

1. Құрманбек Тұрғанбек

2. Дәулет Айтан

3. Бақытжан Әзімбай

4. Арман Жамалбек

5. Абылайхан Нышанбеков

6. Құлажан Тоғайбаев

7. Елдос Асыл

8. Ернар Жарылқасын

9. Ернат Мәлімбай

10. Ұлан Байтөреев

11. Есжан Құрманбай

12. Әділет Мамыт

Команда жетекшісі Нұрдәулет Момынов, команданың бас жаттықтырушысы Ақылбай Манкеев.

Ресей құрамасы:

1. Omurzakov Bakhoviddin

2. Маматисаков Бактбек

3. Satybaldiev Chyngyz

4. Toychubekov Akjol

5. Niyazov Bayaman

6. Кусербаев Нур

7. Tayyev Tarazbek

8. Karmanov Vladimir

9. Тойчубеков Канжарбек

10. Сомоев Сюмер

11. Soltobaev Kalybek

12. Турдыкулов Раатбек

Команда жетекшісі: Исаев Медербек

Команданың бас жаттықтырушысы: Савин Сергей.

Ойынның алғашқы бөлігінде ресейліктер есеп аша алмады. Ал Қазақстан құрамасы көрсеткішті 10:0-ге апарған еді. Екінші сйналымда орыстар екі салым салса да, қазақ жігіттері есепті еселеп, 18:2-мен қорытындылады.

Финалға жолдама берер тартыста Ресей құрамасы барын салды. Бірақ біздің жігіттерге қарсы тұру оңай болмады.

Салым салғандар:

Ресей құрамасы:

Кусербаев Нур -1, Турдыкулов Раатбек — 1.

Қазақстан құрамасы:

Құрманбек Тұрғанбек — 3, Дәулет Айтан — 1, Бақытжан Әзімбай — 1, Арман Жамалбек — 2, Абылайхан Нышанбеков — 3, Ернар Жарылқасын — 2, Ернат Мәлімбай — 4, Ұлан Байтөреев — 1, Әділет Мамыт — 1.

Осымен көкпардан финалға шыққан командалар анықталды. Ақтық сында Қазақстан құрамасы мен Қырғызстан құрамасы жолықса, 3-4-орындар үшін Ресей федерациясы құрамасы мен Түркия құрамасы өзара мықтыны аяқтайды.

Финалдық ойындар 12 қыркүйек күні таңғы сағат 10:00-де басталады.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.