ДКО. Аламан: Қай елден қандай жүйрік келді? 

1517

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ең қызықты сайыстарының бірі – аламан бәйге.

Бүгін ат жарысының бірнеше түрінен үздіктер анықталады. Ұшқыр бәйге, жорға, құнан жарыс, топ бәйге және аламан.

Сонымен, дүбірі дүниені дүрілдеткен дүрмекке қай ел қанша ат қосты, қандай саңлақтар жиналды, сараптап көрейік.

Жиырмадан астам сәйгүлік қатысатын жарыста Қазақстаннан 10, Қырғызстаннан 4, Моңғолиядан 4, Өзбекстаннан 2, Ресейден 1, Түркиядан 1 жүйрік келген екен.

Шашасына шаң жұқпас, алдына қара салмас таңдаулылардың қатарында қазақтың Жұмыртұяғы мен Айқабағы, Шайкүреңі мен Стэй берні, қырғыздың Қарақызы мен Қарагері, моңғолдың Гауһарқызы мен Күмісаяғы, өзбектің Шансы мен Векдолині бар.

20 шақырымға жалғасатын ат бәйгесінде басжүлдеге автокөлік беріледі.

Бәйге түрлерінен жарыс бүгін Қазанат атшабарында сағат 10:00-де басталады.

Argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.