Қорғаныс министрлігінің көкпар командасы (ФОТО)

878

Биыл Қызылордада өтіп жатқан Көкпардан ересектер арасындағы ХХІІІ Қазақстан Республикасы чемпионатына алғаш рет ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық армия спорт клубының командасы қатысып жатыр.

Чемпионатқа армия көкпаршыларынан басқа да 15 команда келген. Тартысты бәсекеде 1-топта өнер көрсеткен әскери көкпаршыларды әңгімеге тартқан едік. Әуелі команда құрамымен таныс болыңыздар.

  1. Сейділла Мәді
  2. Елепай Наржан
  3. Сүйіндік Байкен
  4. Нұртай Елдар
  5. Сауқымбек Дарын
  6. Қалмахан Есдәулет
  7. Сайдулла Нұрғиса
  8. Серікбай Айбек
  9. Құдайберген Еркебұлан
  10. Тобажан Жанарыс

Команда жаттырқытушысы: Байділдаев Дербіс

Команда жетекшісі: Нұриддин Атахан.

Ел чемпионатына алғаш қатысқан команда негізінен Алматы қаласының жігіттерінен жасақталған. Команда жаттықтырушысы Дербіс Байділдаев ағамыздың сөзіне қарағанда, Қарулы күштерде бұған дейін де көкпар командасы болған екен.

Төрт шабандозымыз көкпардан спорт шебері. Екі шабандоз спорт шеберлігінен үміткер. Команда жетекшісі Атахан Нұриддин барлығын өз көзімен көріп, мұндай сайыстарда жетістікке жету үшін азамат пен ат бір-біріне сай болуы керегін көзімен көрді. Қанша мықты шабандоз болса да, астындағы ат не шабуылға, не қорғаушылыққа жарымаса, жақсы нәтижеге жетем деу бекершілік. Десе де, жаса сарбаздардың талабын ұштап, Қарулы күштер атынан ел чемпионатына жолдама беріп отырған басшылыққа алғысымыз шексіз – дейді команда жаттықтырушысы.

Дербіс Байділдаев командалық көкпарда көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Бұған дейін Дербіс ағамыз дайындаған көкпаршылар Әлем, Азия, Республика чемпионы атанып үлгерді. Ал осы жолғы Армия клубының көкпаршылары арасында бір ойыншысы күзде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бақ сынайтын еліміздің көкпар командасына жолдама алды.

Ел чемпионатына тұңғыш рет қатысып отырмыз. Бұл еліміздің Қарулы күштері саласын басқарып отырған ағаларымыздың ерекше қамқорлығы. Бізге осындай мүмкіндік бергені үшін алғысымыз шексіз. Ал бізді осы додаға дайындап, көкпардың қыр-сырына тәрбиелеген жаттықтырушымыз Дербіс Байділдаев атамызға да айтар алғысымыз мол. Бұл бастамасы ғана, алда Орталық армия спорт клубының көкпаршылары мұнан да жақсы өнер көрсететініне сенімдіміз – дейді көкпаршылар.

Топтық кезеңде жақсы өнер көрсетсе де, финалға шыға алмаған армия көкпаршыларының сағы сына қойған жоқ.

Алғашқы күні Атыраудың азулы командасы «Нарынмен» үзеңгі түйістірген ЦСКА жігіттері үш салым салып үлгерді. Есеп – 4:3, Жайық жігіттері жеңді.

Екінші күні әскери құрама өз тобындағы дәл өздері секілді, чемпионат алаңына алғаш шыққан Ұлытау құрамасын ойсырата ұтті. Есеп – 9:1, әскерилер әл бермеді.

Үшінші күні ел чемпионатында екі жылдан бері ерекше ойын көрсетіп жүрген Қостанай құрамасымен жолықты. Алғаш қатысып отырғандықтан, орталық жігіттері Қостанай құрамасының әдіс-айласын толық меңгеріп үлгермеген еді, бұл олқылық анық байқалды. Есеп – 5:0, қостанайлықтар жеңіске жетті.

Осылайша Орталық армия спорт клубының жігіттері алғаш рет қатысқан ел чемпионатында жалпы саны 12 салым салды.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!