«Жылқы шаруашылығы» ҒЗИ құру үшін…

637

ҚР Президенті Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды.

Кеңес үкіметі құрылғаннан кейін 1930 жылы Мәскеу қаласында «Жылқы шаруашылығы» институты жасақталған болатын, кейін 1960 жылы эксперименттік базасы Рязан обылысына көшірілді. Содан бері, бүгінгі таңға дейін «Бүкіл Ресейлік Жылқы шаруашылығы» ҒЗИ ғылыми жұмыстарын жалғастырып келеді.

Ал бізде 1929 жылы құрылған Алматы Зоотехникалық-малдәрігерлік иститутында «Жылқы шаруашылығы» кафедрасы 1990 жылдың басына дейін ғана дербес кафедра есебінде болды, сонымен қоса Семей Зоотехникалық-малдәрігерлік иститутында да «Жылқы шаруашылығы» кафедрасы 1980 жылдың аяғына дейін ғана жұмыс атқарған еді. Қазақ «Мал шаруашылығы және жем-шөп өндіру» ғылыми-зерттеу институты тарихы 1933 жылдан бастау алады және «Жылқы шаруашылығы» бөлімі ғылыми жұмыстарын жалғастырып келеді.

Яғни, ҚР Президенті тапсырмасындағы «Жылқы шаруашылығы» ҒЗИ ашу нақты, өзекті, айдан аңық, айқын тапсырма екендігі көкейге жылылық ұялатады.

Себебі, іргеміздегі көршілес елдерде бұл мәселе бұрыннан жолға қойылған. Мысалы 2018 жылы ҚХР Циньдао институты «Жылқы шаруашылығы» мамандығын ашқан, ал 2019 жылдан бері ҚХР Ішкі моңғол аграрлық университеті де «Жылқы шаруашылығы» мамандығын дайындап келеді.

Ал бізде, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ «6В09105- Спорттық жылқы шаруашылығындағы ветеринария» білім беру бағдарламасы бойынша ветеринария маманын дайындауды биылғы жылдан қолға алды.

ҚР жылқы жануарын асылдандырумен Ақтөбеде «Өнімді және әмбебап бағыттағы жылқы тұқымдарының республикалық палатасы» және Алматыда «Зауыт жылқы тұқымдары бойынша республикалық палатасы» айналысады. Қос палатада тіркелген асыл тұқымды жылқы саны туралы мәліметті Мемлекет басшысы өз сөзнде келтірді.

Соңғы бес жылда, мен «Жылқы шаруашылығын» зерттеу туралы 5-ғылыми жобанының ғалым-орындаушысы ретінде атсалысып келемін. Жоба атаулары:

1) BR06249249 «Байсерке-Агро» ЖШС ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру мен асыл тұқымды қасиеттерін жақсартудың кешенді жүйесін әзірлеу. Тақырып: «Жылқылардың өнімділігін арттырудың және асыл тұқымды қасиеттерін жақсартудың кешенді жүйесін әзірлеу» 2018-2020 жж.

2) ВR10865103 «АӨК субъектілерінің өзекті өндірістік міндеттеріне цифрландыруды енгізудің әрбір саласы бойынша кемінде 3 цифрлық шешімді қолдана отырып, ғылыми негізделген Смарт-фермаларды (табынды жылқы шаруашылығы, етті мал шаруашылығы) әзірлеу және құру, фермер және шаруа қожалықтарының қызметкерлерін оқыту, цифрлық білімді оқитын студенттерге беру үшін қажетті референттік деректер базасын қалыптастыру». Тақырып: «ШҚО жағдайында әр түрлі, кемінде 3 цифрлық шешімді қолдана отырып, табын жылқы шаруашылығында ғылыми негізделген Смарт-фермаларды әзірлеу және құру» 2021-2023 жж.

3) BR21882327 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті «Ауыл шаруашылығы өнімдерін органикалық өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу». Тақырып: «Селекцияда ДНҚ-технологиялардың жетістіктерін пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының (Мұғалжар тұқымды жылқылардың) жаңа генотиптерін жетілдіру және жасау технологияларын әзірлеу» 2023-2025 жж.

4) AP19677892 «Тұтасгеномдық секвенирлеуді қолдана отырып, Қазақ тұқымды жылқылардың генетикалық әртүрлілігін бағалау және сақтау» 01.01.2024 — 31.05.2024 ж.

5) ВR22887106 Жәңгір хан атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Жылқылардың генетикалық ресурстарын басқарудың жаңа әдістерін әзірлеу және қолданыстағы әдістері мен жылқы өнімдерін өндірудің тиімді технологияларын жетілдіру». Тақырып: «Өнімді бағыттағы жылқылардың селекциялық топтарын қалыптастыру (қазақ тұқымы), тапсырыс бойынша жұптасудан алынған ұрпақтардың өсуі мен дамуын зерттеу» 2024-2026 ж.

Аталған ғылыми жобалар негізінде (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының ақпараттық базасына және Scopus (Скопус) базасындағы ғылыми журналдарына, ҚР БжҒМ бақылау комитетінің ұсынған басылымдарына мақалалар жарияланды және оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын оқулық, оқу құралы, монография, әдістемелік нұсқау, электрондық кітаптар, ҚР және РФ өнер табыс патенттері, ҚР селекциялық жетістіктері (жылқы типтері мен аталық іздері) шығарылды. Бұдан шығатын ой, аз да болса жылқы шаруашылығының дамуына үлес қосып жатқандығым деп қабылдарсыздар.

ҚР Президенті Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы аясында үкіметке берген тапсырмасы өте өзекті. Дегенмен жылқы саласы даму үшін келелі тағы бір мәселе – мемлекеттік асыл тұқымды «Өнімді және спорт» бағытындағы жылқы зауытын құру. Бұл жүзеге асқанда ғана отандық селекция дамып, жылқы тұқымдарын асылдандыру нәтижесі түбегейлі шешіліп, тектік қор қалыптасады. Тағы бір ой – жылқы саласын зерттеуші ат төбеліндей ғалымдарды бір жерге шоғырландыру, мақсатты түрде жылқы шаруашылығына байланысты ғылыми жұмыстарды бір орталықтан іске асыру.

Жылқы жануарының жанында жүріп, сол саладан докторлық, кандидаттық, PhD философия докторлығына диссертация жазып, қорғаған зерттеуші-ғалым мамандардың еңбектері бағаланып, әріптестерім ауызбіршілікте ҚР Ауыл шаруашылығы минстрлігі әр үш жыл сайын жариялайтын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға (ПЦФ) арналған конкурстың женімпазы болуларына тілектеспін.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
«Ветеринария және зооинженерия» факультеті
академик Н.О.Базанова атындағы «Жануарлар биологиясы»
кафедрасының профессоры, а/ш.ғ.к., доцент Қайрат Жәлелұлы ИСХАН
Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.