Ұлттық спорт түрлері басымдық берілетін спорт түрлері қатарына енді

534

Мәжіліс дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.

Заңда жоғары жетістіктер спортына жататын спорт түрлерін шектеу ұсынылады. Осы мақсатта Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазиада ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерін ранжирлеу алынып тасталады. Бұл ретте Туризм және спорт министрлігі халықаралық жарыстарда жеңіп алған медальдардың қорытындысы бойынша басымдық берілетін спорт түрлерін бекітетін болады.

Ұлттық спорт түрлері енді басым спорт түрлерінің қатарына енеді. Заңда спорт федерацияларын аккредиттеудің сатылы моделін құру көзделген. Яғни, енді жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының республикалық немесе облыстық спорт федерациясына мүше болуы талап етіледі.

Сондай-ақ заңда спорт федерацияларының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын қабылдау міндеті қарастырылған. Туризм және спорт министрлігінің жеке құзыреттерін шамадан тыс заңнамалық реттеу нормаларын алып тастау көзделген. Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері нақтыланды.

Бүгінде Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына 10 федерация кіреді. Олар: Бәйге, Көкпар, Аударыспақ, Теңге ілу, Жамбы ату, Асық ату, Дәстүрлі садақ ату, Тоғызқұмалақ, «Жорық» және Құсбегілік.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Қауымдастық президенті болып белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сайланған болатын.

Ұлттық спорт қауымдастығының құрамындағы федерацияларды мына азаматтар басқарады.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.