Көкпардан ел чемпионаты өтіп жатыр

1038

Кеше көкпардан ересектер арасындағы ел чемпионатының екінші күні аяқталды.

Тартысты өткен жарыста Қарағанды облысы 4:7 есебімен Ақмола облысына жол берді.

Жамбылдың жігіттері Жетісуды 13:1 есебімен ойсырата жеңді.

Маңғыстау облысы да қарсыласы Ұлытаудың ұландарын 9:1 есебімен ұтып кетті.

Ал, Астана дәл осы біріншілікте азулы деген Түркістан облысынан басым түсті. Есеп 3:2.

Атырау болса алаң иелері Шымкенттен ұтылып қалды. Есеп 2:11.

Әскерилерден жасақталған Қорғаныс министрлігінің командасы Алматы облысынан 4:11 есебімен жеңілді.

Екінші кезеңнің соңғы ойынында Қызылорда мен Ақтөбе арасында 10:1 есебі тіркелді. Жеңіс сыр өңірінде.

Бүгін чемпионаттың үшінші күні. Командалар ұпай сандарын арттыру үшін барын салады.

Айта кетейік, чемпионатта 15 команда өнер көрсетіп жатыр. Олар 4 топқа бөлініп, жарыстың көркін қыздырады.

Ересектер арасындағы ел чемпионатын «Көкпар» федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырып жатыр.

Argymaq.kz

Фото: Мақсат Шағырбай

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.