Ел құрамасы жеңіске жетті

57

Қазақстанның әйелдер ұлттық гандбол құрамасы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

Финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Түркия командасымен алтын медаль үшін бақ сынап, 31:34 есебімен жеңілді. Турнир барысында ұлттық құрама жоғары ойын қарқынын, тактикалық тәртіп пен жауынгерлік мінез көрсетті.

Қазақстанның спорттық федерациялар гандбол қауымдастығында бұл нәтиже ұлттық құраманың Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы алғашқы қатысуындағы тарихи жетістік әрі Қазақстандағы әйелдер гандболының халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды кезең екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қауымдастықта ұлттық құраманың дайындық үдерісі мен жарысқа қатысуы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің, сондай-ақ серіктес — Sport Qory спортты қолдау қорының қолдауымен жүзеге асқанын жеткізді.

Алда құрама үшін жаңа жарыстар мен жауапты халықаралық турнирлер күтіп тұр.

Argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.