Белгілі жылқытанушы ғалым өмірден өтті

1115

Белгілі жылқытанушы ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Амин Әкімбеков өмірден өтті.
Бұл туралы ғалым, жылқытанушы Қайрат Ихсан хабарлады.
Әкімбеков Амин Ричардұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, бас ғылыми қызметкер, ұзақ жылдар бойы өндіріс пен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатар алып жүрген білікті ғалым еді. Жалпы еңбек өтілі 52 жыл болса, оның 31 жылы ғылыми қызметке арналды.

Амин Ричардоұлы селекция және өнімді бағыттағы жылқы шаруашылығы саласында мол тәжірибе жинаған кәсіби маман болды. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның, 7 оқулықтың, Қазақстан Республикасының 12 патентінің және Ресей Федерациясының патенттерінің авторы. Сонымен қатар өнімді жылқы шаруашылығы бойынша 4 селекциялық жетістіктің авторы болды.

Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты – өнімді бағыттағы жылқы шаруашылығын дамыту, жылқы өсіру және асылдандыру жұмыстары еді. Ол жабы типті қазақы жылқыларды асылдандыру жұмыстарын Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жүйелі түрде жүргізді.

Амин Ричардұлының басты мақсаты – жылқыларды дұрыс іріктеп, жұптастыру арқылы әр өңірдің табиғи-климаттық жағдайына бейімделген өзіндік зауыттық типтерді, аталық іздер мен аналық ұяларды қалыптастыру болды.

Павлодар облысындағы «Алтай, Қарпық Сайдалы-Сарытоқа» шаруа қожалығында 2010 жылғы 28 желтоқсанда «Қазақтың жабы» тұқымын өсіретін жылқы зауытының бекітілуіне Амин Ричардұлының еңбегі зор болды.

2013 жылы оның ғылыми жетекшілігімен жоғары өнімді үш аталық іздің негізінде – Браслет 13-74 (патент №287), Задорной 51-76 (патент №288) және Памир 127-78 (патент №286) – таза тұқым өсіру әдісі арқылы қазақтың жабы жылқысының «Селеті» зауыттық типі қалыптастырылды.

Шаруашылық 2011-2012 жылдары Астана қаласында өткен халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып, «Алтын» медаль иеленді және ұлттық патентке ие болды. Бұл жетістіктерге Амин Ричардұлының ғылыми еңбегі мен жетекшілігі үлкен үлес қосты.

Ғалымның еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті тарапынан селекциялық жетістіктері үшін «Шапағат-2014» мүсінімен марапатталды. Сондай-ақ өнертабыс саласындағы республикалық «Шапағат-2014» байқауында жылдың үздік өнертабысы үшін диплом мен сыйақыға ие болды.

Амин Ричардұлының жетекшілігімен Семей облысындағы бұрынғы «Мукинов» асыл тұқымды жылқы зауытында, қазіргі «Ерназар» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде жүргізілген селекциялық-асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде қазақ жылқы тұқымының Байторы 25-83 және Шойынқара 71-81 аталық іздері мен «Бесқарағай» етті типі 2022 жылғы 8 қарашада апробациядан өтті.

Сонымен қатар 2024 жылы Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылындағы «Азамат-2» шаруа қожалығында жүргізілген селекциялық-асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде Мұғалжар жылқы тұқымының Заман 55-88 және Бақай 71-89 зауыттық іздері мен «Ертіс зауыттық» типі апробациядан өтті.

Амин Ричардұлы ең алдымен жылқы шаруашылығына жан-тәнімен берілген, өз ісін шын сүйген нағыз маман, білікті ғалым әрі шебер селекционер еді. Ол ауыл шаруашылығының күрделі де жауапты саласы – жылқы шаруашылығының бейнеті мен зейнетін қатар көрді. Жігерлі, ізденімпаз, жаңашыл ғалым ретінде қазақ жылқысының және еліміздегі басқа да жылқы тұқымдарының дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Амин Ричардұлының ғылымдағы еңбегі, шәкірттеріне берген білімі мен тәрбиесі, жылқы шаруашылығына сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын! Қош, қош, ғалым-ұстаз ағам!

Шәкірті:
а/ш. ғ. кандидаты, профессор
Исхан Қайрат Жәлелұлы
Argymaq.kz

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
holiganbetjojobetgrandpashabetcasibomcasibomcasibomcasibomjojobetholiganbetholiganbetmarsbahismarsbahisPusulabetjojobetescort damesjojobetjojobet girişhuhubetMarsbahis GirişsekabetjojobetCasibomcasibom girişbetgarantijojobetjojobetjojobet girişsekabetmarsbahismarsbahis girişjojobet girişjojobet girişJojobet