Король мен патшайым Ақжанды тамашалады (ФОТО)
Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда елімізге келген мемлекеттік сапар аясында Мемлекет басшысының атқорасын аралап көрді.
Король мен патшайым жалпы халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән берңп жүр. Бұған дейін Ұлттық музейді аралап көрген болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады. Онда соңғы кезде атсүйер қауымның назарын ерекше аударған Ақжанды өз көздерімен көрді.
Сонымен қатар, Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.
Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқорасында өткен жылы Ақжан атты ерекше құлын дүниеге келген болатын. Ақалтеке тұқымына жататын бұл тайдың ерекшелігі сол – оның алтын түстес түгі мен ерекше салтанатты сәні.
Ақжан аз уақытта жылқысүйер қауымды өзінің сұлулығымен, ерке мінезімен баурап алған болатын.
Argymaq.kz
ФОТО: Ақорда









