Баян-Өлгейде өткен жылқышылар сайысы
Маусымның 14 күні Сагсай сұмыны Ботамойын өлкесінде ат спортынан аймақ біріншілігі жүріліп өтті.
Өткен жылы бәсекеге 16 жылқышы қатысқан болса, биыл ауқымы кеңейіп 24 жылқышы қатысты.
Олар қамшы ілу, шалма салу және асау үйретуден өзара бақтарын сынады.
Қамшы ілуден М.Жанарбек (Ногооннуур), асау үйретуден С.Жеңісбек (Сагсай), шалма салудан Наурызхан (Сагсай)- дар үздік деп танылды.
Жер жерден келген жылқышылар тартысты өнер көрсетіп, қорытынды бойынша сагсай сұмындық Жеңісбек Серікұлы үздік деп танылып, шілденің 12 күні Улаанбаатар қаласында өтетін ел біріншілігіне жолдама алды.
2014 жылғы ел біріншілігінде Баян-Өлгийліктердің абыройын дәл осы асау үйрету сайысында тағы бір Жеңісбек есімді азамат қорғап, ел біріншілігінде топ жарған болатын.
kaznews.mn, (Суретте жылқышы Жеңісбек Серікұлы)