ДКО. Көкпар: Ресей құрамасы үшінші орын

393

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан 9 елден келген тастақым жігіттер өзара мықтыны анықтады.

А тобында:

Қазақстан

Ресей

Өзбекстан

Қытай

АҚШ

В тобында

Қырғызстан

Моңғолия

Түркия

Мажарстан қатарлы елдер осындай бөлініспен өнер көрсетті.

Осы топтар арасында үшінші-төртінші орындар үшін Ресей федерациясы құрамасы мен Түркия құрамасы тартысты ойын көрсетті.

Құрамадағы 12 ойыншының 10-ы Қырғызстаннан келген легионерлер болғандықтан, Ресей құрамасы алаң тізгінін өз қолдарында ұстады. Алғашқы айналымның өзінде есепті 5:0-ге апарған ресейліктер, түрік жігіттеріне мүмкіндік бермеді.

Дегенмен Анадолы арландары да аянып қалмады. Ойынның екінші айналымында есепті 8:2-ге жеткізді.

Салым салғандар: 

Ресей құрамасы:

Omurzakov Bakhoviddin — 1, Маматисаков Бактбек — 1, Toychubekov Akjol — 1, Tayyev Tarazbek — 1, Тойчубеков Канжарбек — 3, Турдыкулов Раатбек — 1.

Түркия құрамасы:

Мұстафа Темір — 2.

Осымен Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан үшінші орынды Ресей федерациясы құрамасы иеленсе, төртінші орынға Түркия құрамасы тұрақтады.

Ал сәлден соң тарихи тартыс өтеді. 11:30-да Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы сайысқа куә боласыздар.

Argymaq.kz

Фото: Мақсат Шағырбай

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!