Қамшының құдыреті
Көне грек тарихшысы Геродот жазып кеткен сақтар туралы (скифтер) аңызда қамшы туралы мынадай дерек бар. Елу жыл бойы жорықта жүрген сақ жауынгерлері еліне қайтады. Ұзақ жылдар елдерін күтіп хабар болмаған соң, әйелдері өздерінің соқыр құлдарына тиіп олардан бала туады. Сақ жауынгерлері елдің шетіне жеткенде құлдан туған ұлдар қолдарына қару ұстап шығып елге кіргізбей соғыс салады. Айқас ұзаққа созылып, құлдарды жеңе алмаған сақтар кеңес құрады. Сонда бір данагөй қария: «Ей, сақ жауынгерлері, осы біз не істеп жүрміз? Біз өз құлдарымызбен соғысып жүрміз. Біздер қарумен соғысқандықтан олар өздерін тең санап, жеңіс бермей жүр. Бар қару-жарақтарыңызды тастап, оларға қамшы алып шығыңдар. Олар қамшының суығын естіп, өздерінің құл екенін есіне түсірсін» — депті.
Сақтар бұл кеңесті мақұл көріп, қамшымен құлдарға қарсы шығады. Қамшының ысылын естіген құлдар айқасты ұмытып, қаша жөнелген екен.
argymaq.kz