Жылқыдан қалған жәдігерлер (ФОТО)

11919

Өткен жолғы Арқа өңіріне жасаған сапарымызда жол бойында тоқтаған ауылдарымыздағы мұражайларды аралап кету әдетіме айналған еді. Іздегенім жылқы жайлы не бар деген ой ғой. Әрі осыдан біраз бұрын жаңадан келген Мәдениет министрімен бейресми кездесудің сәті түсіп, сонда қазақтың ұлттық қару жарағына және жылқысына арналған мұражайларының жоқтығын айтқан едім. Әрине, ол кісі біздің ұсынысқа зәру емес екендігін байқатқан-ды. Әңгімем саясиланып бара ма, қалай өзі. Мұражайлар жайлы тақырыпқа қайта оралайыншы.

Сөйтіп, жүрген жерлердің біразында бас сұққан жәдігерлер үйінен жылқыға қатысы бар-ау дегеннің барлығын суретке түсіріп алудың сәті түскен еді.
Тым жұтаң екен. Тым қарабайыр екен. Айырылып қалдық па, әлде ауылдық, аудандық мұражайлар болғандықтан көңіл бөлінбей ме, тапқанымыз таңдайымызға тати қоймады.

Жылқыға арнап мұражай ашуды көздеп жүрген көкелеріміз де бар, дегенмен кешегі көшпенділердің бүгінгі ұрпағы өмірлік серігі болған жылқы малына арналған бұйымдарынан қолында қалғаны көзге қораш, көңілге пәс.

Аламанға ат айтып, ағайынға дат айтып, «жылқы мұражайы неге жоқ?» деп күпініп жүргенде жұпыны ғана жәдігерлерімізді көріп, көңілім суыды. Шынымен мынадай қалған-құтқанмен қалайша жылқы мұражайын қалыптастыруға болады? Әлде бір жүйеге келмегендіктен бе?

Әрине орталықтардағы Астана, Алматы секілді үлкен қалалардағы мұражайларда тұрған ат әбзелдері, жылқы жабдықтары мыналардан жақсырақ.

Дегенмен қайда болмасын жүген құрығың түгел, айыл-тұрманың сайлы болғанға не жетсін.

Төменде сол мұражайлардан түсірілген суреттер.

Жаубай Ержан

 

 

 

 

1.Күміс жүген
2.Темір тұсамыс
3.Жез қамшы
4.Күміс ер
5.Ат соқа
6.Ердің қаңқасы, өрмелі арқан, өрмелі жүген
7.Өрмелі жүген
8.Өрмелі жүген
9.Күміс ер
10. Ат әбзелдері
11. С.Сейфуллин ұстаған қамшы
12.А.Сейдімбектің өзі өрген қамшысы

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.