Жылқы жалындағы мәдениет — I, II бөлім (ВИДЕО)
«Шыңжаң телевизиясы» түсірген жаңа жобаның бірі – «Жылқы жалындағы мәдениет». Арысы адамзат өркениетінде үлкен маңызға ие, берісі қазақ дейтін ұлттың шаруашылығымен, өмірімен, тіпті рухани жан-дүниесімен біте қайнасып кеткен, осыбір қасиетті түлік туралы тереңнен қозғап, жан-жақты қаузап, ғалым, тарихшы, этнограф мамандардың пікірін ұсына отырып жасаған деректі фильм, қалың оқырманның үлкен қызығушылығын тудырып, ықыласына бөленген еді. «Шыңжаң телевизясындағы» қандастарымыз өмірге әкелген тартымды әрі тағылымды дүниені қара шаңырақ Қазақстандағы көрермен қауымға да ұсынуды жөн көрдік.
Фильм «Отыз жылдың өрінде» атты таңдамалы деректі фильмдердің қатарына енген. Фильмнің бірінші бөлімінде ретіне қарай тарихшы Жақып Мырзаханұлы, қаламгер Барат Кәдінұлы, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Гіміңгүл Мұқантайқызы, Шыңжаң ауыл шаруашылығы университетінің доценті Нұржан Мәдиярұлы, Қазақстан ғалымы, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтыбаев, мәдениет зерттеуші Кәрім Дүйсенбайұлы, жазушы Бағашар Нарынбайұлы, Жаңалық Нұртазаұлы, Нұрданғазы Ризабайұлы қатарлы адамдар өз ойларымен бөлісті.
Жүргізуші: Қуаныш Ілиясұлы.
Жоба жетекшісі: Қанат Ережепұлы, Мәнен Зейнелұы
Сценарист-режиссер: Қуаныш Ілиясұлы
Бас операторлар: Бірлік Нәзірбекұлы, Уәли Қалихан
Мәтінін оқыған: Қанат Ережепұлы Фильмге өзге де мамандар атсалысқан.