Қазақ атбегілігінің бәйтерегі құлады

4770

Өткен түні Алматы облысы Жамбыл ауданы, Дегерес ауылындағы шаңырағында қазақ атбегілігінің, қазақ жылқытануының, қазақ ұлттық ат спортының абызы, танымал атбегі Нәркен Қалыбеков ақсақал дүниеден өтті.

Биыл күзде ғана 80 жасын атап өткен қария қазақтың дәстүрлі болмысына, жылқы малын баптап, жаратып, аламанға қосу өнері – атбегілікке ерекше үлес қосқан.

1965 жылы жылқышылықты бастаған. 1968-1972 жылдар аралығында ауылда жылқы зауытын ашты.

Содан еліміз Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары — 1993 жылы зейнет демалысына шықты. Сол күннен бастап өмірінің соңына дейін Нәркен ақсақал Алматы облысында ғана емес, еліміздің барлық өңірінде атбегіліктің, жылқы бағудың, бәйгеге ат қосудың қыр-сырымен бөлісіп, көптеген жылқыжанды жігіттердің ат өнерін игеруіне септігін тигізді.

80 жылдығының қарсаңында Нәркен ақсақалмен өткізген сұқбатымызда қазіргі жылқы шаруашылығы, ат спорты, бәйге, жүлде беру, допинг мәселелеріне қатысты өзінің тұщымды ойларымен бөліскен еді.

Ертең сенбі күні атамыздың қонақасы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылындағы өз шаңырағында беріледі, ал жаназасы жексенбі күні сағат 9-да.

Нәркен Қалыбеков ақсақалдың артында қалған ұрпағына, бала-шағалары мен ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз!

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.