Қысқы тебіндегі жылқы (ФОТО)

9891

Қысқы тебінге жылқының суреттерін түсірген өскемендік танымал фотограф Мерей Қайнаров. Бұл суреттер Катонқарағай ауданы, Өрнек ауылының маңы. Өзге өңірлермен салыстырғанда Катонқарағай өңірі жылқы малын  көп асырамайды. Қар қалың түскендіктен жылқының тебіндеуі қиын. Ал ала жаздай шөп шауып, жеткізу қиынның қиыны. 

Қысқы тебін — еліміздің табиғи жағдайында шаруашылықтың мал жайылымы жыл кезеңіне сәйкес маусымдық — көктемгі көктеу, жазғы жайлау, күзгі күзеу мен қысқы қыстау — жайлымдарына бөлінеді. Оларды мал жаюға жыл маусымына сәйкес пайдаланады. Қысқы жайылымға құм-шағылдарқыраттардың күнгей беттеріндегі ашық жерлері мен мал тебіндеп, яғни тұяғымен қарын тарпып, аша алатын жерлерді пайдаланады. Малды тебіндетіп жайғанда қар қабатының мұз болып қатып, мал тұяғын (тілерсегін) қимауын бақылайды.

argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.